Жұмыссыздықты азайту – басты мақсат

Дүйсенбі, 28 Тамыз 2017 10:04 Жарияланды Әлеумет Оқылды 4954 рет

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында бірінші басымдықтың үшінші кешенді міндеті – еңбек нарығын жаңғырту.
Елдің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы бағдарламаларының бірі – 2011-2016 жылдары жүзеге асырылған «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы». Оның жалғасы болып табылатын «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016-жылғы 29-желтоқсанында бекітіліп, биыл күшіне енді.
Бағдарламаның мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.
Бағдарламаның міндеттері:

images 3


• еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадр-ларды даярлау;
• еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту;
• өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға жәрдемдесу;
• еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;
• жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.
Бағдарламаның мақсаты мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін жұмыс мынадай үш бағытта жүргізіледі:
1. Бағдарламаға қатысушыларды техника-лық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіпкерлікті оқумен қамтамасыз ету;
2. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту;
3. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.
Осы бағдарламаның ішіндегі бірінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
• техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;
• жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.
Бағдарлама қатысушылары техникалық және кәсіби білім, ауыл шаруашылығы, технологиялық мамандықтар, соның ішінде қызмет көрсету саласында модульдік жүйеде тегін оқытылады. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту ұйымдастырылады.
2017-жылы бағ-дарлама бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 263 адам жоспарланған 122 мекеменің сұра-нысына сәйкес ау-данымызға қажетті мамандықтар бойынша (аспаз, тракторист-машинист, фермер, 1-С есепшісі, газбен электр дәнекерлеуші, ЭВМ операторы, электромонтер, газ қазандық операторы) оқуға жолданды. Олар оқуын аяқтаған соң өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасатын болады. Алдағы уақытта ауданымыздағы еңбек нарығының қажеттілігіне байланысты жұмыс берушілердің сұранысы бойынша қысқа мерзімді кәсіби оқытуға қосымша 200 адам жіберіледі. Оқуға ниет білдіруші азаматтар тамыз, қыркүйек айларында жолданатын болады.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» кедейлік деңгейін едәуір төмендетуге, халықтың біршама бөлігін неғұрлым нәтижелі жұмыспен қамтамасыз етуге, тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына, еңбек өнімділігінің артуына, әсіресе, ауылды жерлерде жұмыссыздықтың азаюына зор үлес қосады.

Т. ТЕЛҒАРАЕВ,
аудан әкімі.