ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ КЕҢІНЕН НАСИХАТТАЛУДА

Дүйсенбі, 28 Тамыз 2017 10:07 Жарияланды Әлеумет Оқылды 5023 рет

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, арнайы лекторлармен ауданымызға қарасты ауыл округтері бойынша ауыл әкімдері мен мәслихат депутаттары, мектеп директорлары, аурухана, емхана басшылары, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары, «Жастар ресурстық орталығы» КММ инспекторлары бастаған 13 ауылдық ақпараттық-насихаттық топ және аудан әкімінің орынбасарлары бастаған жұмыс жасайтын аудандық 3 топ болып, насихаттық жұмыстарын жүргізді. Аталған топтар елдімекендерде кездесулер өткізіп, бүгінге дейін рухани жаңғыруға қатысты мақаланың мәнісі ауданның 27 760 тұрғынына насихатталып, түсіндірілді.


Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бағытында көрнекі үгіт құралдары бойынша насихаттау негізінде ауыл округтеріндегі көрнекіленген жерлерге 25 билборд орнатылды. Арнайы айдарлар арқылы белсенді азаматтардын мақаласы «Қазығұрт тынысы», сондай-ақ, «Қазығұрт айнасы», «Киелі Қазығұрт» сияқты басылымдарға жариялануда.
Аудан аумағында кәсіпкерлер, демеушілер тарапынан жүзеге асырылып жатқан 24 жобаның тізімі жинақталып, оның құны 241.8 млн теңгені құрады. Қазіргі таңда 24 жобаның 15-і іске асырылып, қалған 9 жоба алдағы уақытта жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017-жылғы 12- сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы негізгі бағыттарды насихаттау және ілгерілету бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, жалпы жыл соңына дейін 74 іс-шара жоспарланды. Бүгінгі күнге 31 іс-шара өткізілсе, алдағы уақытта 43 іс-шара өткізілетін болады.

С.ШІЛТЕР,
аудандық ішкі саясат
бөлімінің жетекші маманы.