ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТТІ

Сәрсенбі, 20 Қырқүйек 2017 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 695 рет

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлер, шенеуніктер, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін», – деген болатын. Сондықтан, қазақстандықтарды аталған іс-шараларды жүзеге асыруға, еңбексүйгіштікке және қайсарлық танытуға, көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесуге және қамқорлық көрсетуге шақырамын",– деуі бекер емес.


Өткен аптада «Ащыбұлақ» жалпы орта мектебінде «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы өтті. Акция аясында мектебіміздің 9 оқушысына мектепке қажетті оқу құралдары мен жабдықтар, киім-кешектер және спорттық киімдер тарту етілді. Қор есебінен 31170 (отыз бір мың бір жүз жетпіс теңге) бөлінді. «Серпер» тігін фабрикасынан өз өлшемдеріне сәйкес мектеп формаларымен қамтамасыз етілді. Жеке кәсіпкер Дәурен Құлымбет мен Жаухар Мамықова, «Балбөбек» сауда үйінің басшысы Әсем Мирзамұратовалар азаматтық танытып, балалардың көңіліне қуаныш нұрын сыйлады. Қайырымдылық жасау әр азаматтың парызы десек, жас ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу әр ата-ана мен ұстаздардың ғана емес, баршаның міндеті деген болар едік.

Г. ЖАНДАРБЕКОВА,
«Ащыбұлақ» жалпы орта мектебінің әлеуметтік педагогы.