ХАЛҚЫМЫЗ БІРЛІКПЕН ҒАНА КҮШЕЙГЕН

Жұма, 25 Мамыр 2018 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 563 рет

Еліміздің әлеуметтік жағдайының көтерілуіне «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» оң игі ықпал жасайтыны анық. Мәселен, бірінші бастама бойынша, Қазақстанның әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері беріледі.

GAZ

Мемлекет басшысы: «Біз соңғы жылдары қазақстандықтардың баспана алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін көп нәрсе жасадық. 2017-жылы 11,2 миллион шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға берілді. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Дегенмен, оның өзі жеткіліксіз, әлі күнге дейін көптеген отбасы баспанасыз жүр. Бұл – айрықша әлеуметтік маңызы бар мәселе. Оның шешімін тұрғын-үй ипотекасының қалың көпшілікке жаппай қолжетімділігін арттыру арқылы табуға барлық жағдай жасау керек. Жұмыс істейтін әрбір адам несиеге пәтер сатып алып, оны отбасылық бюджетінің мүмкіндіктері аясында төлей алатындай болуы үшін арзан ресурстар ұсынатын тетіктер қажет», – деді.

Төртінші бастама шағын несие беру мәселесіне арналған. Мыңдаған адамға өз ісін ашуға мүмкіндік туатын болды. Өйткені, шағын несиеге бөлінетін қаржы көлемі 20 миллиардқа артады. Бұл қомақты қаржы, әсіресе, ауыл аймақтардағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталады.

Президент ұсынған бесінші бастама елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру. «Мемлекеттің бұл жаңа қадамдары халықтың болашағына игі әсер етеді», деді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.

Халқымыз бірлікпен ғана күшейген. Берекелі бірліктің елімізге берген пайдасы мол. Тәуелсіздікке қол жеткізген 26 жылда өзгелерден оқ бойы озып, әлем алдында беделіміз артты. «Біз – елдің бірлігі мен мемлекеттің сындарлы саясатының арқасында барлық сынақтардан абыроймен өттік. Ел иесі қазақ халқының маңына ұйысқан барша этностар оны жоғары бағалайды. Бүгінде Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында «Қазақ еліне мың алғыс» атты монументтер бой көтерген. Бұл ескерткіштерді еліміздегі түрлі этностық топтар бастарына күн туған кезде бауырына басқан қазақтың жері мен еліне алғыс ретінде өз бастамаларымен тұрғызды. Қазақ халқы да оларға ұлттық тарихымызға көрсеткен зор құрметі үшін алғысын білдіреді. Осындай өзара құрмет пен сенім мызғымас ел бірлігіне негіз болса, ізгі шаралар халқымыздың кең пейілі мен дархан көңілінің айқын көрінісіне айналуда. Жақсылықты жадында сақтай білген  елдің рухы қашанда биік», – деді Президент.

А.ЖИДЕБАЕВ,

Алтынтөбе ауыл округінің әкімі.