Бірлігі мен тірлігі жарасқан ел тату

Дүйсенбі, 09 Шілде 2018 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 638 рет

 

Бейбітшілік. Осы бір асыл сөз қазір бүкіл дүниеге тарап, әрбір ізгі ниетті, адал ойлы адамның жүрегінен құрметті орын алады. Ата-бабамыз ғасырлар бойы тәуелсіздікті, азаматтықты, бақытты ел болуды аңсады. Жаугершілік заманды басынан өткізіп, бейбітшілік заманды аңсап, бейбіт өмірді қалаған халық екенін көрсетіп, бауырына өзге ұлттың баласын салып, бір үзім нанын бөліп беріп, дастарханын жайған қазақ қашанда қайырымдылық пен қамқорлықтан қашқан емес. «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік», – демекші, ел басына күн туған заманда халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі десек, артық айтпағанымыз болар. Достық пен ынтымақ бар жерде, береке мен ырыс болары айдан анық. Қазақстанның көп ұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейтбітшілігі – біздің еліміздің ең басты байлығы. Ішкі тұрақтылық пен келісімнің ұлттық бірліктің мызғымастығы Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени дамуының негізгі факторы болып табылады. Отанымыздың басты байлығы – тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, жетістіктеріміздің бірі еліміздің халықтарының ұлтаралық конфессиялық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы екенін ұғындық.

Елбасы қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық орын алған елімізде өмір сүретін өзге де этникалық топтардың тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай жасап отыр.

Шығыс пен Батыстың тоғысында орналасқан Қазақстан, тарихи тұрғыда түрлі халықтар мен өркениеттердің дәстүрлері мен құндылықтарын бойына жинақтаған теңдессіз мемлекеттік құрылым ретінде қалыптасты. Біздің жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Ел. Бұл идеяны өміршең ететін – елдің бірлігі. Бірлік болмаған, ауызбіршілік қашқан, алауыздық болған жерде береке болмайды. Сол себепті, Елбасы айтқандай, біздің кейінгі ұрпаққа аманат етер ең басты құндылығымыз – ел бірлігі болуы керек. Қазақстан халқының бірлігі, мемлекеттік тіл, барша азаматтардың теңдігі және олардың Отанымыз алдындағы жауапкершілігі Қазақстанның ХХІ ғасырдағы қарышты дамуын қамтамасыз ететін темірқазыққа айналуы қажет.

Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ.

Е.УСТЕНОВ,

аудандық музейдің қор сақтаушысы.