«Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!»

Дүйсенбі, 17 Қырқүйек 2018 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 190 рет

 

Қазіргі таңда ҚР ҚМ МКБ-нің бастамасымен ағымдағы жылдың 15-ші мамырынан бастап жыл соңына дейін республика аумағында «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» атты акциясы өтіп жатқанын тағы да хабарлаймыз.

Ережесі қарапайым. Әр сауда нүктесінен алған тауар үшін бақылау кассалық аппараттарынан түбіртек (чек) талап етіп, қолға алған түбіртекті «Wipon» мобилді қосымшасымен есепке алу бақылау маркілерін сканерлеу арқылы ұтыс ойынына жібересіз. Ұтыстың 2-ші дәрежелі ойынына автокөлік және қомақты жүлделер қарастырылған.

Кассалық түбіртектерді беруді қоғамдық бақылауға алу, сондай-ақ, салық төлеушілердің арасында салықтық мәдениеттің, сауаттылықтың деңгейін жоғарылату және кәсіпкерлерді өзара адал бәсекелестікке ынталандыру – акцияның көздеген мақсаттары осы.

Ш.КӨПБОСЫН,

Қазығұрт ауданы бойынша Мемлекеттік

кірістер басқармасы «Ақпараттық қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің бас маманы.