Өндіріс көлемін ұлғайттым

Дүйсенбі, 17 Қырқүйек 2018 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 155 рет

Лебіз

 

Биыл ауданымыз үшін ерекше жыл. Әсіресе, мен үшін нағыз есімде қалатын еңбек жылы болып отыр. Өйткені, қасиетті тау есімімен аталатын ауданымызға – 90 жыл. Осы айтулы датаны өзгелер секілді менде өзіндік тарту-таралғылармен қарсы алғалы отырмын.

Бұрын Шарапхана ауылынан шағын кондитерлік цех ашып, тәтті өнімдер, торт, бауырсақ шығарып, халық дастарханына ұсынып келдік. Осы жұмысқа іске бейімі бар 10 жасты тартып, тұрақты жұмыспен қамтыдым. Әзірлеген өніміміз де үлкен сұранысқа ие болып, табысымыз да жаман болған жоқ. Өзімнің қаржылық мүмкіндігімді және мемлекеттік қолдауларға сүйене отырып, аудан орталығынан кондитерлік цех құрылысын бастап, оны сапалы аяқтап, бүгінде іске қостық. Құрал-жабдықтарды шетелден әкелдік. Соның нәтижесінде өндірілген тәтті өнімдердің сапасы анағұрлым жақсартып, тұтынушыларымыздың қатары өсті. Тапсырыс та көбейді.

Қазіргі таңда бұл цехта 10 адам тұрақты жұмыс істеп келеді. Бәрі де өз ісінің маманы. Бірімен бірі тату тұрады. Жұмыс өнімділігі де көңілдегідей.

Ең бастысы, ауданымыздың 90 жылдығы қарсаңында өндіріс көлемін ұлғайтып ғана қоймай, өнім сапасын жақсартып, тұтынушыларымыздың ыстық ықыласына бөленудеміз. Кәсіпкер үшін бұдан артық бақыт бар ма?!

Ауданымыз өсіп, өркендеп, дами берсін!

Гүлзия БЕЙСЕБАЕВА,

жеке кәсіпкер.