Әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Жұма, 02 Қараша 2018 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 79 рет

Іс-шара

 MG 6040

Жуырда аудандық мәдениет сарайында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиынға аудан әкімі Т.Телғараев, аудандық мәслихаттың хатшысы Ө.Көпеев, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы А.Омаров қатысып, әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

– Елбасының Жарлығымен бұл күн әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің мерекесі деп аталуының маңызы зор. Бұл осы салада қажырлы еңбек етіп, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы және күнкөрісі төмен отбасыларға аянбай қызмет етіп жүрген азаматтарға деген үлкен құрметтің, шынайы алғыстың белгісі. Себебі, қоғамның тұрақтылығы мен халықтың әл-ауқаты, көп жағдайда халықты әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кепілдіктердің деңгейіне байланысты болады, – деді аудан әкімі Т.Телғараев. Ал, аудандық мәслихаттың хатшысы Ө.Көпеев  қыруар жұмыстардың ыстығы мен суығына төзіп, аянбай қызмет етіп келе жатқан әлеуметтік қорғау саласының жұмысшыларына зор денсаулық, қиын да қастерлі қызметтеріне мол табыс тіледі.  Аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы А.Омаров: Халықты әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты қорғау  Елбасы мен Үкіметіміз жүргізіп отырған  сындарлы саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. «Бұл мереке – өмірін мұқтаж жандарға көмек көрсететін қызметкерлерге арналған. Сіздердің жұмыстарыңыз күрделі. Бұған аса шыдамдылық, білім, тәжірибе және ерекше дағды қажет. Осынау мамандық көпшілігіңіз үшін өмірлік кәсіпке айналды,– деп кәсіби мерекемен құттықтады.
   Сондай-ақ, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін   «Қазығұрт ауданына 90 жыл» мерекелік медалімен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары – Ғазиз Пернеқұлов, осы бөлімнің сектор меңгерушілері – Әбдіманап Тезекбаев пен Нұргүл Жұмашова, бөлімше меңгерушісі – Күлжахан Тілемісова, жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы – Райхан Керімқұлова, бас маман – Арзайым Аблаева марапатталды.

Ал, ауданның «Құрмет грамотасымен» бөлімше меңгерушісі – Гүлсім Тұрлыбаева, аудандық мәслихаттың «Алғыс хатымен» әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші – Азиза Қасымқұлова, әлеуметтік қызметкер – Сауле Әлімбекова, қағаздарды жүргізу жөніндегі инспектор – Олжас Жұқабаев, әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші – Күнсұлу Арапбаева, бас маман – Жандос Тұрлыбаев, сондай-ақ, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлесін қосқаны және атқарған еңбегі үшін аудан әкімінің «Алғыс хатымен» аталмыш бөлімнің бас есепшісі – Феруза Қалымбетова, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман – Естөре Қосуақ, іс қағаздарды жүргізу жөніндегі инспектор – Айгүл Төлепова, жұмыспен қамту орталығының мамандары – Фархат Нуримов пен Мақсұт Алпысов, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман – Қасымбек Ерданаев, әлеуметтік қызметкерлер – Анар Бектанова мен Роза Бекжанова марапатталды.

   Ауданымыздағы жалғызілікті қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, балаларға қамқорлық жасап, әрбір мерекеде назардан тыс қалдырмай, оларға көмек көрсетіп жүрген жүрегі үлкен адамдарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Мекеме басшысы Аймен Өсербаев басқарып отырған ұжым бүгінде көптің құрметіне ие. Ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген жандарға жұмыстарыңыз жемісті болсын дейміз.

Салтанатты шарада аудандық мәдениет сарайының әншілері әсем әндер шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Ғ.ТІЛЕУБЕРГЕН.