Жас туристер саяхатқа шықты

Дүйсенбі, 10 Желтоқсан 2018 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 70 рет

Экскурсия

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр. Ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, жастарды тәрбиелеу, жан-жақты қабілетін дамыту, туған елге, тілге, туған жердің табиғатына сүйіспеншіліктерін арттыру, тарихи мұралар мен өлкетану жүргізу бағытындағы жобаларды жүзеге асыру үшін Қазығұрт аудандық білім бөлімі «Жас туристер» станциясының қосымша білім беру педагогтары да өз үлесін қосты.

Ауданымыздың 90-жылдық мерейтойына орай, Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі, Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейінің оқушылары экскурсияға шықты. Экскурсия барысында оқушылар Шымкент қаласының көрікті мекендерін аралады.

Шымкент – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, қала б.з.д. ІІ-ғасырда салынған. Қаланың көрікті мекендерінің бірі – орталық саябақтар, зообақ, Бәйдібек баба ескерткіштері т.б. Оқушылар бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында Шымкент зообағын аралап, ондағы аңдар мен құстар, өзге елде өмір сүруге бейім болған жан-жануарларды көріп, көптеген мәліметтер алды. Дендросаябақта өсетін өсімдіктердің тарихымен танысты. Сондай-ақ, Бәйдібек баба ескерткішін аралап, оның тарихымен, саябақтың құрылып көркеюіне үлес қосқан азаматтардың өмір жолымен танысты. Экскурсия оқушыларға керемет әсер сыйлады.

Ғалымжан БЕГАЛИЕВ,

«Жас туристер» станциясының

қосымша білім беру педагогы.