Делегаттар даусымен жаңа төрайым сайланды

Дүйсенбі, 24 Желтоқсан 2018 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 219 рет

Кәсіподақ

 

Жуырда Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінің акт залында Қазығұрт аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ХVІІ конференциясы өтті. Оған сайланған 55 делегаттың 49-ы қатысты.

Конференцияда аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Раушан Пошахаева баяндама жасады.

Баяндаманы талқылау барысында аудандық білім бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы Құрбанов Жүсіпбек жарыссөзге шығып, өз ой-пікірін білдіре келе, баяндамашы еңбегін елеп, қанағаттанарлық деген баға берді.

Жиналыс барысында пленум мүшелері, тексеру комиссиясының құрамы бірауыздан мақұлданып, делегаттардың қолдауымен сайланды.

Сонымен қатар, конференция делегаттарының ашық дауыс беруімен аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы болып Раушан Пошахаева сайланды.

Конференция жұмысына облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Бақыт Еркінбек, аудандық білім бөлімінің басшысы Асан Үйсінбаев қатысып, өз ойларын білдіріп, жаңа төрайымды құттықтады.

Өміржан ШАЛҒЫНБАЕВ,

«Қызылата» жалпы орта мектебінің

кәсіподақ комитетінің төрағасы.