«Таңғажайып Түркістан» байқауының жеңімпаздары анықталды

Жұма, 04 Қаңтар 2019 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 445 рет

Төле би ауданында «Тау самалы – жан самалы» фестивалінде «Таңғажайып Түркістан» атты байқауының жеңімпаздары марапатталды, – деп хабарлайды Ardak.kz. акпараттык порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5c273b19493b7-696x464

Аталмыш іс-шараны Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы бағдарламасына сай өткен байқауға қызығушылық жоғары болды. Байқау жеңімпаздарынТүркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев марапаттады.

Байқаудың мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» бағдарламасын жүзеге асыру және туған жердің туристік әлеуетін көтеріп, тарихын насихаттау. Үміткерлер арнайы комиссияның шешімімен анықталып, фейсбук тобында көп дауыс жинағаны, ең көп ұнатылғаны (лайк), ең көп бөлісілген (репост) арқылы іріктелді. Бұдан соң байқаудың қорытындысы бойынша «Көрермендер көзайымы» номинациясы Мадина Сарыбалаеваға берілді. 3-орынғаСәбит Тастанбек, Ерлан Сыздық лайық деп танылды. 2-орынды Дәурен Айманбет жеңіп алды. 1-орын Ақмарал Ғаниқызы мен Қайрат Кәрібаевқа бұйырды. Ал, бас жүлдені Несібелі Иманқұлова мен Ғани Назарбекке табыс етті. Айта кетейік, байқауға кез-келген әлеуметтік желі белсенділері қатысты. Бұл байқауға биылғы жылдың 14-қыркүйегінен 12-желтоқсанға дейін жарияланған материалдар жарияланды. Қатысушылар үш ай бойына өңірдің киелі мекендерін кеңінен насихаттады.