Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ

Дүйсенбі, 04 Ақпан 2019 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 367 рет

                                                 Семинар-кеңес

 

Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың, кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтық алдын алу шараларын ұйымдастыру және ата-аналардың бала өміріндегі жауапкершілік сезімдерін дамыту мақсатында семинар-кеңес өтті.

         Оған аудандық білім бөлімінің бас маманы С.Бөрібай, теолог маман

Б.Мәлік, АІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ-нің полиция капитаны М.Байтемиров, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының емхана психологы Г.Қамбарова, ата-аналар комитетінің төрағасы С.Үсенбеков және ата-аналар қатысты.

Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің   директоры Б.Алимбаев аудандық білім бөлімі тарапынан ұйымдастырылған   кесте бойынша өтетін   семинардың маңыздылығына тоқталып, мұнан кейін мектеп психологы А. Тұрсынбаева кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру және ата-аналардың балаларына деген жауапкершілік сезімдерін дамыту мақсатын айтып, ата-аналарға арналған «Отбасылық тәрбие» сауалнамасын жүргізді. «Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ» атты тақырып бойынша бейнеролик, тренинг сабақтар, т.б көрсету арқылы баяндама жасады.   Осы тақырып төңірегінде ата-аналар бала тәрбиелеудегі ойларын ортаға салып, жас жеткіншектерді тәрбиелеуде бірқатар қиындықтар кездесетіні жайында пікір талас болды. Пікірталас бойынша Мырзағали Ысқақов имандылықты ата-ана тарапынан бастау керектігі жайлы түрлі хадистерден мысал келтіріп, бала тәрбиесі тал бесіктен   басталатыны жайында әңгіме өрбітті.

         – Келешек ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде тек мектепке иек артып отыра беру жеткіліксіз. Сондықтан, АББ мен аудандық прокуратура бала тәрбиесін жете бақылау үшін ата-аналармен осындай   семинар-кеңестер өткізу кестесін жасаған. Себебі, бала тәрбиесімен тек мектеп қана емес, бүкіл қоғам болып айналысуы керек. Одан ата- аналар да шет қалмауы тиіс. Әрбір ата-ана   өз перзентіне көңіл бөлуі керек болса, соны уақыт тауып, жүзеге асыруға міндетті, – деді С.Бөрібай.

Қатысушыларға мектеп психологы А.Тұрсынбаева слайд арқылы: «Жасөспірім өзіне қол салудың алдын алу үшін не істелуі қажет?» – деген сұрақ қойды. Осы сауал төңірегінде ата-аналар Күнсұлу Орынбаева, Жұлдыз Жамалова өз пікірлерін білдірді. Ал, нақты тұжырымды жауап беру үшін аудандық орталық аурухананың емхана психологы  Г.Қамбарова бала бойындағы қорқынышты қалай арылтуға болатынын, оны алдамай шын сүю керектігін, тілдескенде өтірікке жол бермей, шынайы тілдесу қажеттігін, оған қанша жақын болсаңыз, оның тәрбиесі де сонша дұрыс болатынын түсіндірді.

          С.Үсенбеков барлық ата-аналарды ұл-қыздарының тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуге, жауапкершілікке шақырды. Мектеп психологы Ерғали Медетов психологиялық жаттығулар жүргізу арқылы ата-аналарға бала тәрбиесіне байланысты кеңестер айтып, ой салды.

А.ТҰРСЫНБАЕВА,

Е.МЕДЕТОВ,

Т.Рысқұлов атындағы

мектеп-лицейінің

педагог-психологтары.