Мектебіміздің мақтанышы

Дүйсенбі, 04 Ақпан 2019 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 420 рет

ВМВМВ

          Жуырда Т.Рысқұлов мектеп-лицейінде «Математика – ғылымдар патшасы» тақырыбында математика апталығының онкүндігі ұйымдастырылып, математика пән бірлестігі мүшелері жоспарлары бойынша сабақтар өтті. Математика пәні өмірмен байланысты екендігі, математикасыз өмір жоқ екендігі, өмірдің өзі әртүрлі формулалардан тұратыны, кейде сол формулалар заңдылық бойынша өзгеріп отыратын математика екенін біреу білсе, біреу білмес.

Қысқасы, жатсаң да, тұрсаң да математика екенін айтсаң, төменгі сынып оқушылары ойланып қалады, ал жоғары сынып оқушылары алған білімдерін өмірмен байланыстырады. Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы екі бөлімнен тұрады. Біріншісі, «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», екіншісі, «Тарихи сананы жаңғырту» – рухани жаңғыру жалпыұлттық бағ­дар­ламасының жаңа компоненттері ата-ба­баларымыздың көп ғасырлық мұра­сы­ның цифрлық өркениет жағдайында тү­­сінікті әрі сұранысқа ие болуын қам­та­­масыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүм­­кіндік береді. Төл тарихын білетін, бағалайтын жә­не мақтан ететін халықтың болашағы зор бо­лады деп сенемін. Өткенін мақтан тұ­тып, бүгінін нақты бағалай білу және бо­лашаққа оң көзқарас таныту – елі­міз­дің табысты болуының кепілі деге­ні­міз осы деген-ді Нұрсұлтан Назарбаев.      

     Міне, осы мақалада айтылғандай, халықтың болашағын жалғастыратын біздің мектебіміздің мақтаныш тұтар оқушылары өсіп келеді. Жақында Түркістан қаласында математикадан өткен облыстық олимпиадада ауданымыздан бірнеше мектептерден оқушылар қатысып, жүлделі орындармен қайтқан еді. Солардың арасында біздің мектептен 9 «А» сынып оқушысы Қалдыбаев Диас (пән мұғалімі Қолдасов Ербол), 10 «А » сынып оқушысы Әмірәлі Алтынай (пән мұғалімі Сералы Бексұлтан) бар еді. Олар олимпиададағы жетістіктерімен мектеп-лицейіміздің мерейін асқақтатты.

                                                        

Базаркүл ОРЫНБАЕВА,

Т.Рысқұлов

мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі.