Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды

Сейсенбі, 30 Сәуір 2019 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 528 рет

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазығұрт аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымындағы кезектен тыс қырық үшінші сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Т.Телғараев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауыл әкімдері, кірістер басқармасы басшысы, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

11111111111

Күн тәртібіне мына мәселелер ұсынылды.
1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2018-жылғы 25-желтоқсандағы «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2016-жылғы 08-шілдедегі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2018-жылғы 28-желтоқсандағы «Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы ауылдық елдімекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2019-жылғы 11-қаңтардағы «Қазығұрт ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
5.Қазығұрт аудандық мәслихатының «Қазығұрт аудандық мәслихаты және оның аппаратының 2019-жылғы қызметін қамтамасыз ету шығындарының сметасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі аталған мәселелер бойынша бірауыздан шешімдер қабылданып, сессияға С.Батырбаев төрағалық етті.
Сессияда аудан әкімі Т.Телғараев сөз сөйлеп, ауданымызда атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарға тоқталып, алдағы атқарылатын шаралармен депутаттарды хабардар етті. Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді.


Ғазиза ТІЛЕУБЕРГЕН.