Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

Жұма, 28 Маусым 2019 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 98 рет

 

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет» деп Ата заңымызды белгілеп, даму бағыты айқындалған, жарқын болашаққа қарай батыл қадам басқан мемлекет болып қалыптасып келеді.

Білімділік, біліктілік, жоғары моральдық-этикалық бейне, адамгершілік – әрбір мемлекеттік қызметшінің бойында үйлескен жағдайда – мемлекеттік қызметшінің «жоғары имиджі» жасалады, осындай имидж мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге тікелей жол болып табылады. Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының Ар-намыс Кодексінде анықталған, онда былай деп белгіленген: «Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды».

Мемлекеттік қызметтің имиджі мемлекеттік органдармен халыққа көрсетілген қызметтің сапасына байланысты. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру шеңберінде:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан ары жетілдіру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылықта мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының этикалық нормаларын нығайту;
Көпшілік санасында кәсібилік, адалдық, ашықтық, сыпайылық және құзыреттілік ұғымдарына негізделетін мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру. Осы мақсатта аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері әділдік пен туралықтан айнымай халық пен мемлекет алдында қызметтерін адал атқаруда.

Мемлекеттік қызметкердің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту барысында әрбір мемлекеттік қызметші өз қызметінің барлық жауапкершілігін толықтай сезініп, қызмет амалдарын жетік меңгеріп, сол саланың білікті маманы болуы қажет.

Б.ОРЫНБАСАР,

аудандық дене шынықтыру

және спорт бөлімінің бас маманы.

 

Тағыда осы категорияда: « БАЛА ТӘРБИЕСІ – МАҢЫЗДЫ ІС