«Қауіпсіз жол» іс-шарасы өтті

Дүйсенбі, 30 Қырқүйек 2019 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 393 рет

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол көлік оқиғаларын төмендету және Жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында, 2019-жылғы 24-28 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» айдарымен аудан көлемінде жедел-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
Рейдтік іс-шараға жұмылдырылған жеке құрам жұмысы, негізінен жол ережесін қасақана өрескел түрде бұзушыларды анықтауға бағытталсын, оның ішінде автокөліктерді масаң күйде басқару, техникалық байқаудан өтпеу, қозғалыстың белгіленген жылдамдықты арттыру және басып озу тәртібін бұзу, жолдың қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу және маневр жасау, қауіпсіздік белдігін қолданбау, ұялы телефон мен рация пайдалану, көше қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өтпесінен өту жағдайларымен байланысты жасалған құқықбұзушылықтарды анықтауға аса назар аударылды.

Н.СЕНГІРБАЕВ,
Қазығұрт АПБ ӘПБ ӘТП инспекторы,
полиция майоры.