Өзге ағымдар туралы түсіндірілді

Дүйсенбі, 30 Қырқүйек 2019 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 274 рет

Қазығұрт аудандық пробация қызметі бөлімі аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында ауданның бас имамы, аудандық ақпараттық үгіт-насихат тобы мүшесі Мұрат Әлібековпен кездесу өтті. Бұл жиында Қазығұрт аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталған азаматтарға кері ағар діни ағымдардың ерекшеліктері мен таным-түсініктері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оларға бұл іс-шарада бас имамның сөздері рухани нәр берді, одан оң әсер алды деген ойдамыз. Түсіндірме жұмыстары үзілмейді, жалғасын таба береді.

Нұрлан ТӨРЕХАНОВ,
Қазығұрт аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет майоры.