Жеңімпаздар марапатталды

Дүйсенбі, 30 Қырқүйек 2019 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 430 рет

Қазығұрт аудандық пробация қызметі бөлімі мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен кіші футболдан жарыс өтті. Оған аудандық ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, дене шынықтыру және спорт бөлімдері қызметкерлері мен Қазығұрт аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандар командасы қатысты. Спорттық іс-шарада жүлделі орын алған командалар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының бұйрығымен грамота, кубок және медальдармен марапатталды.

Бейбіт БЕРДІБЕКОВ,
Қазығұрт аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет капитаны.