ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫС

Дүйсенбі, 30 Қырқүйек 2019 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 172 рет

Аудандық "Жастар ресурстық орталығы" жанындағы "Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі" секторының ұйымдастыруымен отбасыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу, балалардың спортқа деген құлшыныстарын арттыру мақсатында "Бақытты отбасы – бақытты ел" тақырыбында эстафеталық жарыс өтті. Жарысқа ауыл округтерінен 10 отбасы қатысып, эстафеталық жарыстың 5 түрінен сыңға түсті. Жарыс қортындысы бойынша Шарапхана ауыл округінен келген Айтбаевтар отбасы 1-орынды иеленді. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен және аудандық «Жастар ресурстық орталығы» басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.

Алпамыс ҚАЛБОТАЕВ,
аудандық "Әлеуметтік-психологиялық
сүйемелдеу қызметі" секторының меңгерушісі.