Жерлесіміз жүлдегер атанды

Сейсенбі, 14 Қаңтар 2020 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 578 рет

 

         «Аналар – асыл жандар» Қазығұрт аудандық әйелдер Кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сарсен Жиенкүл Жәнібекқызы «Түркістан облысы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі – 2019» байқауында «Біз де азаматтық үлесімізді қосамыз» атты әлеуметтік жоба жазып, жеңімпаз атанды. Аталмыш жобаны жүзеге асыру мақсатында екі жүз мың теңге мен сертификатқа ие болды.

           Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, тұрмысы төмен отбасыдан шыққан 12-15 жас

аралығындағы оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуіне ықпал жасау арқылы еріктілік пен көшбасшылық дағдыларын дамыту арқылы азаматтық белсенділікті арттыру мақсатында әлеуметтік жобаға Т.Рысқұлов атындағы мектеп лицейінің отызға жуық оқушысы қатысады деп күтілуде,– дейді Жиенкүл Жәнібекқызы.

         Халықтың өмір сүру сапасын жақсартудағы маңызын әрбір отбасыға жеткізуді мақсат етіп отырған жоба жетекшісіне марапат құтты болсын дейміз.

«Қазығұрт – ақпарат».

Тағыда осы категорияда: « Адамды құрметтейік тірісінде