КИЕЛІ ШАҺАРҒА САЯХАТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жұма, 12 Қараша 2021 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 69 рет

203 IMG 2797

Еліміздің рухани астанасы, облысымыздың орталығы Түркістан қаласының бүгінгі таңдағы әлеуметтік дамуы мен тарихи ескерткіштерімен танысу мақсатында Қазығұрт ауданының тұрғындары өткен аптада Түркістан қаласын аралап, саяхат жасады. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды.
Зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, Қазығұрт аудандық «Өзбек мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, аудандағы пробация есебіндегі азаматтар, жастар өкілдерін қосқанда, жалпы, 40 адам Түркістанның көрікті орындарын аралауға мүмкіндік алды.
Саяхаттаушылар алдымен «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесінде зиярат етіп, Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-музейімен, «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенімен және «Түркістан-Арена» стадионымен танысып шықты.
Облыс орталығының бүгінде қарқынды даму жолына түсіп, жаңа кейіпке енген, түрлі зәулім ғимараттардың бой көтеріп, адам танымастай өзгергенін айтып, рухани азық алған азаматтар ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.


Олжас ЗАИРОВ.