«ӨЗ ЕЛІНІҢ ЕРТЕҢІНЕ СЕНБЕГЕН ХАЛЫҚ МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРА АЛМАЙДЫ»

Жұма, 15 Сәуір 2022 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 125 рет

d5a020 Балта Жүнісов

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы қазақстандықтардың көкейінен дөп түсті.
Президенттің Жолдауын бәріміз жаңа Қазақстанның бастауы деп қабылдадық. Бұл құжаттта жаңа саяси жүйенің белгісі көрінді. Жаңа Қазақстан – жаңа мемлекет емес, бұл жаңа қоғам деген сөз.
Президент көп өкілеттіктерін өзінен алып, өкілдігін билікке, Парламентке беріп жатыр. Өйткені, Парламент дегеніміз – қоғам өкілдері.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Президенттің партия мүшесі болуына заңды тұрғыдан тоқтатуды ұсынды. Сондықтан, ол әкімдердің партия филалдарын басқаруды шектеу керектегін тапсырды. Президенттің жақын туыстарының лауазымды басшылыққа тағайындалуына заңмен тыйым салынатындығына тоқталды.
Президент мәжіліс пен мәслихатқа, депутаттардың пропорционалды – можаритарлы сайлау жүйесі бойынша сайланатынын айтты және де бұдан былай сайлау алдындағы уәдесін орындамаған депутатты кері қайтаруға болатындығын жеткізді. Бұл жүйе сайлауды әділ өткізуге және мемлекетті тиімді басқаруға жол ашады. Бұл өз кезеңінде азаматтардың да саяси белсенділігін арттырып сенім ұялатады. Конститутциялық соттың қасиеті қайда барса, Қазақстандағы адам құқығының қорғалуы мен сот жүйесінің дамуына жақсы пәрмен берері сөзсіз.
Жолдаудың ерекше бір тұсы әкімшілік аумақтың құрылымға арналды. Шыны керек, бұл өзгерісті қоғам, ел болып көп күтті. Басында бюджет қаржысын үнемдеу бағытында қысқартылған аймақтар уақыт өте келе шығынға ұшырып бастады. Әлеуметтік экономикалық жағдайлары төмендей бастады.
Қорыта айтқанда биылғы наурыздағы Жолдауы, нақты ұсыныстар мен биік мақсаттар айқындалған Жолдау болды. Президент қоғам алдында тұрған басты міндеттерді айқындап берді.
Біздер, ардагерлер! Өз тарапымыздан елдің келешегі үшін жаңа Қазақстанды қалыптастырып, жаңғырту мақсатында жұмыс жасай береміз. Өйткені, Перезидент атап өткендей «Жаңа Қазақстан дегеніміз – егемен еліміздің болашақтағы бейнесі, өз елінің ертеңіне сенбеген халық мықты мемлекет құра алмайды».
Біздер, еліміздің ертеңіне сенеміз!

Балта ЖҮНІСОВ,
Жігерген ауыл
округі бастауыш
ардагерлер ұйымының төрағасы.