Ұлттық жобаларды іске асыру – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту

Сәрсенбі, 27 Сәуір 2022 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 161 рет

Биыл 13-қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Оның негізінде 10 нақты Ұлттық жоба анықталды. Соның бірі - 2021-2025 жылдарға арналған «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы. Аталған жобаның міндеттері қатарында зияткерлік әлеуетті дамыту, қазақ тілінің дамуына жағдай жасау, жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді ашу секілді мәселелер бар.

«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы 3 бағыт, 7 міндет, 21 көрсеткіш, 66 ауқымды іс-шарадан тұрады. Жобаның негізгі мақсаты – Ұлттық кодты сақтап, мәдени бірегейлікті жаңғырту, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттау арқылы қоғамның мәдениетін, талғамын және рухын көтеру. Сонымен қатар, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың түрлі бастамаларын жан-жақты қолдауды көздейді.

Ұлттық жоба міндеттері: Қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті дамыту – халықтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына тартылуы, патриотизм сезімін арттыру Мәдениет объектілеріне келушілер санын ұлғайту Мәдениет саласындағы көрсетілетін қызметтердің сапасына халықтың қанағаттану деңгейін көбейту Мемлекеттік қолдау шаралары туралы жастардың хабардар болу деңгейін арттыру Жастар арасында волонтерлік мәдениет деңгейін арттыру Айта кетейік, «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасын Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт және Білім және ғылым министрліктері жүзеге асырады. Жоба ұлттық кодты сақтап, мәдени бірегейлікті жаңғырту, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттау арқылы қоғамның мәдени денгейін, талғамын және рухын көтеруді көздейді.

Үшінші бағыт "Тәуелсіздік ұрпақтары" деп аталады. Бұл бағыт еліміздің жастарына арналады.

Бұл жоба үш ауқымды міндеттерді қамтиды:

– жастардың білім беру, жұмысқа орналасу және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу;

– жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасау;

– Жастарды қоғамдық бәсекеге деген қабілетін арттырып, ұрпақ тәрбиесінде жаңа мүмкіндіктер ашу.

Бұл мәселелер жөнінде мынадай істер атқарылады:

Тұрғын үй бағдарламасы бойынша жас отбасыларға берілетін несие үлесін 25 пайызға дейін ұлғайту;

– 1,5 миллион жасты бұқаралық спорт пен экологиялық жобалармен қамту;

– NEET деп аталатын жастар санатын қолдау шараларына ерекше назар аударылып, жұмыссыз жастардың санын 5 пайызға дейін төмендету;

– 2025 жылға қарай жастардың мемлекеттік қолдау шараларына қанағаттанушылық деңгейі 80 пайызға дейін көтеру.

Қазығұрт ауданы бойынша 20221 жылы жұмыспен қамту мақсатында әлеуметтік қолдау көрсететін мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұрақты жұмысқа орналасқан азаматтар – 104, уақытша жұмысқа орналасқаны – 90. Аталмыш азаматтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлі шараларын көрсетті, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындары –2, жастар практикасы бойынша – 5 маман, несие алған азаматтар – 13, кәсіпкерлік мақсатқа – 14, ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандары – 41, қысқа мерзімді оқу – 3, қайтарымсыз грант алған азаматтар – 15.

Ал, 2022-жылдың алғашқы кезеңі бойынша жұмыспен қамтылғандар барлығы – 26, тұрақты жұмыспен қамтылғандар – 18, уақытша жұмыспен қамтылғандар – 8, ақылы қоғамдық жұмысқа қатысушы азаматтар – 3.

Аталмыш азаматтар "Ұрпақтар келісімшарты" және "Алғашқы жұмыс орны" жобаларына қатысуға болады.

 "Жастар практикасы" және "Алғашқы жұмыс орны" жобаларына қатысу мерзімі тиісінше 12 айға дейін және 18 айға дейін, қатысушылардың жалақысын субсидиялау мөлшері – 30 АЕК-ке дейін, сондай-ақ бизнес-бастамаларды іске асыру үшін гранттар мөлшері 2 есе – 400 АЕК-ке (1,2 млн теңге) дейін ұлғайтылды.

Биылғы жылы жастар арасынан ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге 10 мың қайтарымсыз грант беру жоспарлануда. Тағы 10 мыңы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін көзделген (атаулы әлеуметтік көмек алушылар; көпбалалы отбасылардың мүшелері – көпбалалы бойынша жәрдемақы алушы және (немесе) оның жұбайы (зайыбы); оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс аударушылар; қандастар; мүгедектігі бар бала (балалар) тәрбиелеп отырған отбасы мүшелері; мүгедектігі бар азаматтар).

 

М.АЛПЫСОВ,

халықты жұмыспен қамту орталығының маманы.