ГҮЛМИРА ШАХМАТ СЕАНСЫН ӨТКІЗДІ

Жұма, 13 Мамыр 2022 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 93 рет

0511ff59-1173-4ef7-8048-a4e5e9ba1455

Қазығұрт аудандық мәслихатының өткен жылғы шешімімен ауданымыздың тумасы, шахматтан халықаралық гроссмейстер, Қазақстан Республикасы бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионы, Бүкіл әлемдік Олимпиада қола жүлдегері, Қазақстан құрама командасының мүшесі Гүлмира Бекзатқызы Дәулетоваға Қазығұрт ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілген-ді. Жақында аудан әкімі Арман Абдуллаев пен аудандық мәслихат хатшысы Өрісбай Көпеев Гүлмираға осы «Құрметті азамат» атағын тапсырды. Бір айтарлығы, сол тапсырылған сәтте Гүлмираның жанында ең алғаш шахматқа баулыған алғашқы ұстазы, әкесі Бекзат Дәулетов болды.
Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің (басшысы Абай Серкебаев) ұйымдастыруымен халықаралық гроссмейс­тер қызымыз Ұлы Жеңіс күні мерекесінің 77 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры, қазақтан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Рақымовтың туғанына 120 жыл толу құрметіне аудандық мәдениет сарайында шахмат сеансын өткізді. Оған ауданның ардагерлері мен жастарынан 50 азамат қатысты. Үздік шыққан 10 ойыншы марапатталды.

007             Гүлмира 1
Ол әкесі Бекзат Дәулетовпен спорттың осы түрін жастар арасында насихаттау мен дамытуда үлкен еңбек сіңіріп жүр. Алдағы уақытта да осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарады деп сенеміз.

Құралбек Қожаннемересі.