ЕРІКТІЛЕР ҚАЗЫҒҰРТТЫҚТАРҒА ЖӘРДЕМДЕСУДЕ

Жұма, 20 Мамыр 2022 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 137 рет

280949938 314693167516258 5740320670580302439 n

Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы округінде нөсер жауын салдарынан су басқан үйлердің аулаларын, қора жайларын тазартуға еріктілер жәрдемдесуде. Қазіргі таңда 13 көшедегі 66 тұрғын үйдің ауласынан су өткені анықталды.

280762693 314693154182926 2199652854818024119 n

Жедел әрекет ету барысында 14 мамыр күні аудан әкімдігінен 3 мотопомпа, 32 қызметкер және көрші аудандағы төтенше жағдай бөлімдерінен 5 мотопомпа, 2 техника көмекке жеткен. Сондай-ақ аудан жастарынан құрылған еріктілер және жергілікті Жастар орталығының мамандары, аудан, ауыл әкімдіктері мен тиісті мекемелерден 120 адам, аудандық білім саласының өкілдерінен 150 адам зардап шеккен тұрғындарға ерікті түрде көмектесуде.

Түркістан облысының
Өңірлік коммуникациялар қызметі