КӨРНЕКІ АҚПАРАТТАРДА ТЕК ҚАНА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАНУ МІНДЕТТЕЛДІ

Жұма, 20 Мамыр 2022 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 134 рет

 182    Тілдер орталығы

Көрнекі ақпарат мәселелері бо­йынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (2021 жылғы 29 желтоқсанда № 94-VII ҚР Заңы).
Заң аясында Қазақстан Республикасының 16 заңнамалық актісіне түзетулер енгізілді.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 19-бабы:
- Әкімшілік-аумақтық бірліктер­дің, елдімекен­дердің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақ, басқа да физикалық- географиялық объектілердің дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары мемлекеттік тілде жазылады (облыс, аудан, ауылдық округ, қала, кент, ауыл, шағын аудандар, даңғылдар, көшелер, саябақтар, т.б.).
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабы:
- Деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтіндері орфография нормалары және мәтіннің тең түпнұсқалы аудармасы сақтала отырып жазылады.
- Мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшалары мен бланкілері мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де орналастырылады. Қазақстан Республикасында қорғалатын, мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшаларында пайдаланылатын тауар белгілері өзгеріссіз жазылады.
- Егер, Қазақстан Республикасы ратифи­кациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, жол белгілеріндегі жазбалар мемлекеттік тілде жазылады.
- Егер, Қазақстан Республикасы­ның заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткішері, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс және (немесе) басқа тілдерде жазылады.
Бұған дейін көрнекі ақпараттарда мемлекеттік және орыс тілдерін қолдану міндетті болып келсе, жаңа заңмен тек мемлекеттік тілді қолдану міндеттелді.

Н.ТӘҢІРБЕРГЕНОВ,
аудандық "Тілдерді оқыту
және дамыту орталығы"
КММ директоры.