ТАЗАЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

Жұма, 17 Маусым 2022 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 77 рет

Жуырда аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрған азаматтардың қатысуымен сенбілік өтті. Қазығұрт ауылы, Болашақ мөлтек ауданында орналасқан мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының адагері Әділ Сасбұқаұлының ескерткіші аллеясының шөбін ору, тазалау, тұрмыстық қоқыстарды жинау жұмыстары жүргізілді.
«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау, таза ұстап, абаттандыру әрбір азаматтың басты міндеті, әрі борышы. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Сенбілікке қатысқан барлық белсенділерге алғысымызды білдіреміз!

Н.ТӨРЕХАНОВ,
Қазығұрт аудандық пробация қызметі
бөлімшесінің бастығы әділет майоры.