ТАБИҒАТТЫ САҚТАУ – АДАМЗАТТЫҢ ПАРЫЗЫ

Жұма, 17 Маусым 2022 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 75 рет

1623130224 7c52c6c7e27b7f21ee28134ac10e9d76bb2b813a

“Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі”, – дейді Ыбырай Жақаев.
Табиғат – адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын алады.
Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялататын аяулы мекен! Адамзат табиғат аясында тіршілік ететіндіктен әр тұлға табиғат күллі тірі жанның құтты қонысы, алтын бесігі, құт берекесі екенін жетік білуі парыз.
Табиғатты сақтау дегеніміз табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, бүліну, ластану жолдарынан сақтау және қорғауды жүзеге асыру. Табиғат қорғауға ғылыми тұрғыда бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс шаралар жатады.
Табиғатты сақтаудың тағы бір мақсаты – экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ол қазіргі және болашақ ұрпақтың салауатты өмір сүруі үшін адамның теріс іс-әрекеттерін шектеу және табиғаттағы төтнеше апаттарды болдырмау. Оны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Конституциясы және табиғат қорғау заңдары.
Қорыта айтқанда адам баласы табиғат қорларын пайдаланбай өмір үруі мүмкін емес. Табиғат заңдарында көрсетілген ұстанымдар мен ережелерді орындау әрбір азаматтың міндетті борышы. Табиғатты қорғаудың алдына қойған мақсаты мен міндеттері айқын. Табиғат қорғауды жүзеге асыру үшін оның негізгі бағыттарын, заңдарын, ұстанымдарын білу әрбір азаматтың борышы болып саналады. Сондықтан осы айтылған жағдайларды бәріміз саралап ары қарай өз әрекеттерімізбен көрсете білсек нұр үстіне нұр болар еді.

Әділхан ЕСНАЗАРОВ,
«Жасыл желек» мемлекеттік мекемесінің инженер патологы.