КҮН ТӘРТІБІНДЕ ЕКІ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

Жұма, 17 Маусым 2022 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 83 рет

13       Сессия

Қазығұрт аудандық мәслихатының жетінші шақырылымындағы кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы өтті. Оған аудан әкімі А.Абдуллаев, аудан әкімінің орынбасарлары, Қазығұрт ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, дербес бөлім басшылары, ауыл округі әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Сессияға аудандық мәслихат хатшысы Ө.Көпеев төрағалық жасады. Онлайн-трансляция режимінде өткен жиында 2 мәселе қаралды:

1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2021- жылғы 24-желтоқсандағы   «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №20/83-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2019-жылғы 11-қаңтардағы «Қазығұрт ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №39/257-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер тұрақты комиссия мәжілісінде қаралып, талқыланды. Тиісті сала басшылары баяндама жасап, түсінік беріп өтті және депутаттар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Олжас ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ.