ЖЫР СҮЙЕР ҚАУЫММЕН ӨТКЕН КҮН

Жұма, 01 Шілде 2022 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 184 рет

20220301 111233

Жылыбұлақ ауылдық кітапханасында "Келбет" жобасы аясында өлкеміздің ақыны Смайыл Ыбрақұлы 65 жасқа толуына орай "Ой бөліскім келеді түсінгенмен" атты сыр-сұхбат болып өтті. Мақсаты өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген ақынымыздың өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Ақын Смайыл Ыбрақұлы 1957-жылдың 23-қаңтарында Қазығұрт ауданы, Жаңа жол елдімекенінде туылған. 1973-жылы Жаңабазар ауылындағы М.Горький атындағы орта мектепті бітірген соң, Алматы Халық шаруашылығы институтын тәмамдады. Оқудан соң Венгрияда екі жыл әскери міндетін орындап келді. Сондай-ақ, облыс шаруашылықтарында қаржы саласында қызмет жасаған. С.Ыбрақұлының "Өмір сүрсем", "Ой бөліскім келеді түсінгенмен", "Таңғы шық", "Бір тамшы ой", "Ақ жауын", "Қауырсын", т.б . кітаптары бар. "Анашым", " Қарлығашым", "Ұйқымды ұрладың", "Наурыз" әндері кең тараған.
Сыр-сұхбатты кітапханашы М.Тапаева жүргізіп, "Жылыбұлақ" жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Қуат Ауғанбаев, оқу ісінің меңгерушісі Арман Джаппашов, тәрбие ісінің орынбасары Гүлмира Сейтханова, психолог Назира Алашбаева, М.Әуезов мектебінің кітапханашысы К.Қалыбаева, ақынымыздың жары Айнықша анамыз, жыр сүйер қауым қатысты. Сұхбатта ақынымыз өзінің өмірдеректері мен шығармашылығынан мағлұмат беріп, кітапханаға өзінің кітаптарын сыйға тартты.

Г.ҚАМБАРОВА,
«Жылыбұлақ» жалпы орта білім
беретін мектебінің кітапханашысы.