ЖЫЛЫ СӨЗІ ЖҮРЕККЕ ЕМ

Жұма, 16 Қырқүйек 2022 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 73 рет

12Багила С

Аудандык ардагерлер кеңесі жанынан кұрылған әжелер алқасының жұмыс істеп жатканына биыл тоғыз жыл болды. Осы жылдар арасында біршама жұмыстар атқарылып, ұмыт болған салт-дәстурді қайта жаңғырту жолында әжелер кеңесі шыдамдылықпен еңбектеніп келеді. «Бүрлі-бүрлі терекпін. Мен халыққа керекпін. Дерексізге дерекпін. Тілексізге тілекпін»,–деп Құрмысы би айткандай әжелер алқасы, әжелер өсиеті халыққа керек екені айқындалып, күн өткен сайын койылатын талап та, жүктелетін жауапкершіліктің ауқымы да кеңейіп келеді. Ауданның 13 ауыл огругінің 11-інде әжелер алқасы құрылып жүйелі жұмыс істелуде. Осы бір игі істің басы қасында аудандық әжелер алқасының төрайымы Бағила Ысмайыл жүр. Кез келген мемлекеттік мекемеде болсын, коғамдық ұйымда болсын білікті басшының басқаруынсыз сол ұжымның бірлігі бекемделіп, әлеуеті артып жұмысы ілгері баспайды. Бағила әжелер алқасын басқарған сәттен бастап жауапкершілігі мол, ауыр да абыройлы жұмыстың өзіне жүктелгенін сезіне білді. Әр ауыл округінде құрылған әжелер алқасын басқарып отырған, жұмыс атқарып жүрген әжелердің біразы өзінен жасы үлкен, көпті көрген көне көз қариялар. Оларға басшы ретінде бұйрық беріп ақыл айтып емес, елдің ертеңіне алаңдаған қамқор ана ретінде ақылдасып жүріп біршама істерді жүзеге асыруда. Үстіміздегі жылы әр айда бір ауыл округі семинар кеңес өткізіп, тәжірибе алмасып ой бөлісуде. Казығұрт, Қызылқия, Абай Жігірген, Сарапхана ауыл округтерінде өткен семинар кеңестердің әрқайсысы бір тарих. Осы игі істердің әрқайсысына тақырып таңдауда, оның халыққа берері болу керектігін айтып түсіндіре білген Бағиланың жұмысы күн санап нәтижелі болуда. Әрбір әжелер алқасының жиынында елдің ертеңі үшін еңбек етуге менің әжелерімнің білімі де, күш жігері де, акыл-парасаты да, өмірлік тәжірибесі де жетеді.
Абыроймен зейнеткерлікке шыққан ол ел үшін еңбек етуден тайынбайтын асыл аналар деп әдемі сөзімен жігерлендіріп отырады. Біз ел үшін еңбек етуіміз керек. Сіздер менің акыл қалтамсыздар деп ақылдасып отыруды әдетке айналдырған. Ақ кимешек әженің-тәжі. Сол қасиетті кимешек арқылы қазақ бойындағы асыл қасиетті болашақ ұрпаққа жеткізу біздің басты максатымыз. Соның айғағы ең соңғы Сарапханада өткен семинарда «Балалықтан даналыққа» тақырыбында қозғалған ой тағы бір әжелер жұмысының елге қажеттігін дәлелдеді.
«Біз әжелер тарихтың жібін жетектеп артымыздан ерген құлындарымызды ноқталап сол керуенмен кетіп бара жатқан аналармыз», – деген Үрзада Айтөрееваның сөзі күнделікті ұранымыз болуы керек дейді», – Бағила. Біздің өмір керуенінде жаңылыс басуға құқымыз жоқ.
Атақ келсе семірмейтін, қайғы келсе жеңілмейтін, ер мінезін қадірлейтін ұрпақтарым, елім дейтін әжелердің атқарар шаруасы әлі де көп. Сіздер тарихтың шежіресі болашақтың бағдарысыз деп жылы сөзімен әжелердің жүрегін жылытып жүрген Бағиланың жұмысына сәттілік, деніне саулық тілейміз. Ұрпақ тәрбиесі әжелер алқасына мүше болған санаулы әженің емес, барлық әженің міндеті. Әжелеріміздің ертегісі таусылмасын, айтары көп болсын.
Сан жылғы білім саласындағы атқарған қажырлы еңбегінің жемісі ретінде "Ең үздік 100 есім" кітабына еніп, төс белгімен марапатталды.
Өзіңің уақытын аямаған, өзгенің уақытын аялаған, байырғы ұстаз бүгінгі таңда аудандық әжелер алқасының төрайымы Бағиланы марапатымен шын жүректен құттықтаймын!

Төлбасы АБДУЛЛА,
аудандық әжелер алқасының мүшесі.