БҰЛ ЖОЛДАУ – ЖАҢА БАСТАМАЛАРДЫҢ БАСТАУЫ!

Жұма, 16 Қырқүйек 2022 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 66 рет

e77029e9-503b-4683-b345-49b840a0d930

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті жолдауы ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын стратегиялық жоспары болып табылады.
Қасым Жомарт Кемелұлы Жолдауда адами капитал сапасына, оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қамсыздандыру ерекше тоқталды.
Нобель сыйлығының лауреаты, экономист Гарри Беккердің адами капиталды бір пайызға ғана арттыру, ішкі жалпы өнімнің жан басына шаққандағы өсімін 3 пайызға дейін арттырады деген тұжырымына сүйенсек, бүгінгі таңда ең тиімді инвестиция адами капиталға салынған инвестиция екені анық.
Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аудару бастамасының көтерілгені халықты қуантса, бұл өсіп келе жатқан іні-қарындастарымыздың, 18 жасқа толғаннан кейінгі өміріне үлкен септігін тигізері анық. Бұл ұлттық қордың ең баста ашылудағы мақсатының орындалып жатқандығының айқын көрінісі.
Президент адами капиталды дамытудың жан жақты факторларын негіздеді. Олар:
- ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу;
- Медициналық емдеу мекемелер санын арттыру;
- Резидентураға бөлінетін грант санын 70 пайызға көбейту;
- Балабақша мәселесін шешу;
- Мектептер санын көбейту;
- Білім алуға жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие;
- Студенттердің жекелеген, әлеу­мет­тік тұрғыдан аз қамтылған санаттары үшін пәтер жалдауға кететін шығынын субсидиялау;
- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу;
- 2023-жылдан бастап, Отбасы­ның цифрлық картасы және Әлеуметтік әмиян сияқты тәсілдерді енгізу және т.б.
Жолдаудағы тапсырмалар орындалса, елдегі күрмеуі шешілмей, халық көкейінде жүрген оң өзгерістер болатыны хақ. Мемлекет біздерге бар мүмкіндіктерді ашуда. Ал оны дұрыс пайдалану және тиімді ету әр азаматтың өзіне байланысты екенін де ұмытпау керек.

Айбек МЫҚТЫБАЙҰЛЫ,
Қазығұрт аудандық
қоғамдық кеңес мүшесі.