Аудан әкімі Т.Телғараев пен Жаңабазар ауыл округінің әкімі А.Ақжолов, Алтынтөбе ауыл округінің әкімі Д.Әлібаев және Қазығұрт ауыл округі әкімі Қ.Садықов халық алдында есеп берді.

Жаңабазар ауыл округіндегі есеп беру жиналысы Елшібек батыр атындағы мектептің акт залында болды. Есепті баяндаманы ауыл әкімі А.Ақжолов пен аудан әкімі Т.Телғараев жасап, өткен 2018-жылы қол жеткен жетістіктермен орын алған олқылықтар жөнінде кеңінен атап өтті.

Әкімдердің есебіне қарағанда, салық түсімдері артқан, шағын және орта бизнеспен айналысушылардың қатары өскен, егін, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, мал басын көбейту жөніндегі тапсырмалар артығымен орындалған.

Білім, мәдениет және спорт саласында да ауыз толтырып айтарлық жетістіктер бар. Әлеуметтік нысандар салу ісі қарқынды жүргізілуде екен.

Жарыссөзге шыққан Жаңабазар ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Т.Құралбаев өз сөзінде 2018-жыл ауыл, аудан, жалпы еліміз үшін нағыз берекелі жыл болғандығын, әсіресе, ауыл, ауданда әлеуметтік нысандардың көптеп салынғандығын айта келіп, аудан әкімі Т.Телғараевтың жас та болса, бас болып, жоғары ұйымдастырушылық қасиетін жоғары бағалап, алдағы істеріне сәттілік тіледі.

Мінбеден сөз алған ауыл тұрғыны Ә.Мүталиев әкімдердің есебіне оң баға беріп, ауыл тұрғындарының Шарапхана – Жаңабазар автожолының күрделі жөндеуден өтуіне, оған қосымша 3 шақырым қосуды, ауыл арасынан аяқ жол салу, ауыз су мәселесін тыңғылықты шешіп беру жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.

Ауыл, аудан әкімдерінің есеп беру жиналысы Алтынтөбе ауылындағы Ө.Жамалов атындағы жалпы орта мектебінің акт залында жалғасты. Мұнда да ауыл округі әкімі Д.Әлібаев пен аудан әкімі Т.Телғараев есепті баяндама жасады.

Есепті мерзім ішінде Алтынтөбе ауыл округінде бірқатар игі жұмыстар атқарылған. Күздік егу, мал бордақылау, жылыжайлар салу, оның көлемін ұлғайту, қарқынды бау өсіруге көңіл бөлу сынды жұмыстар өз нәтижесін беріп, ауыл халқының әл-ауқатының өсуіне ықпал еткен.

Дегенмен, жиналыс барысында бірқатар мәселелерге ауыл, аудан әкімдерінің назарын аудартатын ұсыныстар болды. Бұл жөнінде Б.Мырзахметова ауылға келіп тұрған табиғи газды қосып беруді, ауыз су тұрақты берілсе, ауыл аралығын қосатын көпірлер жөнделсе деген өтінішін жеткізді.

Ауыл тұрғыны О.Жамантаевтың көтерген мәселесі Қаржан елдімекеніндегі жолдың тарлығы мен көше бойларындағы жарықтың жоқтығы, мектептің алшақтығын айта отырып, оқушылар тасымалына көңіл бөлінсе деген елдің ұсынысымен бөлісті.

Қазығұрт ауыл округі әкімінің есеп беру жиналысы Қ.Сәтбаев атындағы мектепте өтті.

Жиналыстың күн тәртібіне сәйкес ауыл округі әкімі Қ.Садықов пен аудан әкімі Т.Телғараев есепті баяндамалар жасады.

Әкімдердің есепті баяндамаларында 2018-жылы атқарылған ауқымды жұмыстар мен қол жеткен жетістіктер толық қамтылған. Шын мәнінде, аудан орталығы жылдан-жылға абаттанып, сәулетіне дәулеті сай көрікті орталыққа айналып келеді. Әрине, бұл іс бұнымен тоқталып қалмайды, алдағы кезде орталық көшелері жарықтанады, аяқ жолдар салынады, гүлзарлар мен саябақтар көбейіп, көгалдандыру, көріктендіру ісі жалғасын табады.

Баяндаманы талқылауға қатысқан ауыл тұрғыны О.Райымбеков «Болашақ» мөлтек ауданына жол салып, көше жарықтарын орнатып, ауыз су, табиғи газ мәселесін оңды шешіп, ауыл тұрғындарына жайлы жағдай жасағандығы үшін ауыл, аудан әкімдеріне өз алғысын жеткізді.

Сонымен бірге «Ащыбұлақ» орта мектебіне «Болашақ» мөлтек ауданынан баратын оқушылар үшін Термез-Алматы автожолынан аспалы көпір салып беруді өтінді.

Зейнеткер, білім саласының үздігі Т.Абдулла өз сөзінде «Азаматына қарап, ауылын таны» дей отырып, ауыл, аудан әкімдерінің атқарған жұмысына көңіл толатындығын айта келіп, «Болашақ» мектеп-гимназиясына келіп оқитын оқушылар үшін көлік бөліп, тасымалданса, сондай-ақ, аудан орталығында көлік қатынасын реттеуде жол-көлік оқиғасын тудыратын бірнеше көшелерге бағдаршам, тиісті белгілер қою керектігін ескертті.

Кезеңбұлақ ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Ә.Қалмұрзаев Газелкент магистралды каналының ауыл тұсындағы бойын темір шарбақпен қоршауын жалғастырса, ауылға аяқ жол салынса, ауыз су мәселесі де күрделеніп бара жатқандығын жеткізіп, аудан басшыларынан тиісті көңіл бөлуін өтінді.

Ауыл, аудан әкімдерінің есепті жиналысына аудан әкімінің орынбасарлары, сала және дербес бөлімдер мен құқық қорғау органдарының басшылары, ауыл тұрғындары, аудандық, облыстық мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Әр ауылда өткен есепті жиналыс барысында түскен сұрақтарға тиісті сала, бөлім басшыларымен бірге ауыл, аудан әкімдері нақты жауаптар берді.

Мұның өзі жылдан-жылға еліміздің әл-ауқатының өсіп, халықтың тұрмыс жағдайының жақсарғанын және билік басындағы азаматтардың жауапкершілігінің артқанын айғақтай түседі. Оған дәлел, үш ауыл округінде өткен ауыл, аудан әкімдерінің атқарған жұмыстарына ауыл тұрғындарының оң баға беруінен көруге болады.

Ж.СҮЙЕУБЕКОВ.

Мектебіміздің мақтанышы

Дүйсенбі, 04 Ақпан 2019 00:00

ВМВМВ

          Жуырда Т.Рысқұлов мектеп-лицейінде «Математика – ғылымдар патшасы» тақырыбында математика апталығының онкүндігі ұйымдастырылып, математика пән бірлестігі мүшелері жоспарлары бойынша сабақтар өтті. Математика пәні өмірмен байланысты екендігі, математикасыз өмір жоқ екендігі, өмірдің өзі әртүрлі формулалардан тұратыны, кейде сол формулалар заңдылық бойынша өзгеріп отыратын математика екенін біреу білсе, біреу білмес.

Қысқасы, жатсаң да, тұрсаң да математика екенін айтсаң, төменгі сынып оқушылары ойланып қалады, ал жоғары сынып оқушылары алған білімдерін өмірмен байланыстырады. Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы екі бөлімнен тұрады. Біріншісі, «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», екіншісі, «Тарихи сананы жаңғырту» – рухани жаңғыру жалпыұлттық бағ­дар­ламасының жаңа компоненттері ата-ба­баларымыздың көп ғасырлық мұра­сы­ның цифрлық өркениет жағдайында тү­­сінікті әрі сұранысқа ие болуын қам­та­­масыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүм­­кіндік береді. Төл тарихын білетін, бағалайтын жә­не мақтан ететін халықтың болашағы зор бо­лады деп сенемін. Өткенін мақтан тұ­тып, бүгінін нақты бағалай білу және бо­лашаққа оң көзқарас таныту – елі­міз­дің табысты болуының кепілі деге­ні­міз осы деген-ді Нұрсұлтан Назарбаев.      

     Міне, осы мақалада айтылғандай, халықтың болашағын жалғастыратын біздің мектебіміздің мақтаныш тұтар оқушылары өсіп келеді. Жақында Түркістан қаласында математикадан өткен облыстық олимпиадада ауданымыздан бірнеше мектептерден оқушылар қатысып, жүлделі орындармен қайтқан еді. Солардың арасында біздің мектептен 9 «А» сынып оқушысы Қалдыбаев Диас (пән мұғалімі Қолдасов Ербол), 10 «А » сынып оқушысы Әмірәлі Алтынай (пән мұғалімі Сералы Бексұлтан) бар еді. Олар олимпиададағы жетістіктерімен мектеп-лицейіміздің мерейін асқақтатты.

                                                        

Базаркүл ОРЫНБАЕВА,

Т.Рысқұлов

мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі.

Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ

Дүйсенбі, 04 Ақпан 2019 00:00

                                                 Семинар-кеңес

Төле би ауданында «Тау самалы – жан самалы» фестивалінде «Таңғажайып Түркістан» атты байқауының жеңімпаздары марапатталды, – деп хабарлайды Ardak.kz. акпараттык порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5c273b19493b7-696x464

Тұманды Альбион елінде...

Дүйсенбі, 24 Желтоқсан 2018 00:00

ореке1

Ұрпақ рухын шыңдайтын кейіпкер

Дүйсенбі, 24 Желтоқсан 2018 00:00

                     «Бір ел – бір кітап»  

 

Аудандық орталық кітапханада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» атты хикаят-монологын насихаттау үшін «Ұрпақ рухын шыңдайтын кейіпкер» тақырыбында оқырман конференциясы өтті. Мақсаты –шындық пен шеберлікті шынайы ұштастырып, үн мен ұғымды әдемі үйлестіре білген жазушы Н.Келімбетовтің өмірі мен шығармашылығын қалың оқырманға таныстыру және насихаттау, кітап оқуды дамыту, шығармадағы адам тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір үшін күреске баулу, патриоттық тәрбие беру.

Т.Рысқұлов, Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейінің және «Болашақ» мектеп-гимназиясының оқушылары мен мұғалімдері, кітапханашылар мен зиялы қауым өкілдері қатысқан әдеби кешті аудандық кітапхана директорының орынбасары Р.Айтубай ашып, елімізде республикалық акция 2007-жылдан бері өткізіліп келе жатқанын, акцияның негізгі мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау екенін оқырман қауымға түсіндірді. Он жылдан астам тарихы бар аталмыш шараның әр жылында «Жыл кітабына» бір шығармадан ұсынылып отыратынын, ал, 2018-жылы осы акция аясында бір халық боп оқуға үш бірдей шығарма таңдалып алынғанын тілге тиек етті. Олар: Ш.Құдайбердіұлының шығармалары, Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі мен Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» атты кітабы.

Іс-шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет беріліп, кең көлемде кітап көрмесі жасалды. Сондай-ақ, оқырман қауымға тақырыпқа байланысты слайд пен бейнеролик көрсетілді. Оқушылар кітаптан алған әсерлерін ортаға салып, ой бөлісіп, белсенділіктерін көрсете білді.

Шара барысында хикаят-монологтың басты кейіпкері Ержанның басынан кешкен қиын тағдыры, өмір мен өлім арасында арпалысқан ойлары негізгі тақырыпқа айналды.

«Болашақ» мектеп-гимназиясының кітапханашысы Н.Калекова: «автордың бұл шығармасы әлемді шарлап, түрлі тілдерге аударылып жатыр. Жеке өз басым оған оқырман ретінде талай сыннан өткен, өмірдің құндылықтарын сезіне білген адам ретінде қалтқысыз сенемін», – деді.

Адамның рухани күш-жігерін, мөлдір махаббатын өмірге деген құштарлығын биікке көтеріп жазған ғажайып туындыны оқырман қауым жан-жақты талқыдан өткізді. «Үміт» дейтін өте алып күш екенін, жігері мықтыны ажал да жеңе алмайтынын, қандай жағдай болса да, үміт үзуге болмайтынын ұғындыру арқылы конференция мақсатына жете білді.

Майра БАЗАРБАЙ

Кәсіподақ

 

Жуырда Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінің акт залында Қазығұрт аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ХVІІ конференциясы өтті. Оған сайланған 55 делегаттың 49-ы қатысты.

Конференцияда аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Раушан Пошахаева баяндама жасады.

Баяндаманы талқылау барысында аудандық білім бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы Құрбанов Жүсіпбек жарыссөзге шығып, өз ой-пікірін білдіре келе, баяндамашы еңбегін елеп, қанағаттанарлық деген баға берді.

Жиналыс барысында пленум мүшелері, тексеру комиссиясының құрамы бірауыздан мақұлданып, делегаттардың қолдауымен сайланды.

Сонымен қатар, конференция делегаттарының ашық дауыс беруімен аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы болып Раушан Пошахаева сайланды.

Конференция жұмысына облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Бақыт Еркінбек, аудандық білім бөлімінің басшысы Асан Үйсінбаев қатысып, өз ойларын білдіріп, жаңа төрайымды құттықтады.

Өміржан ШАЛҒЫНБАЕВ,

«Қызылата» жалпы орта мектебінің

кәсіподақ комитетінің төрағасы.

Жас туристер саяхатқа шықты

Дүйсенбі, 10 Желтоқсан 2018 00:00

Экскурсия

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр. Ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, жастарды тәрбиелеу, жан-жақты қабілетін дамыту, туған елге, тілге, туған жердің табиғатына сүйіспеншіліктерін арттыру, тарихи мұралар мен өлкетану жүргізу бағытындағы жобаларды жүзеге асыру үшін Қазығұрт аудандық білім бөлімі «Жас туристер» станциясының қосымша білім беру педагогтары да өз үлесін қосты.

Ауданымыздың 90-жылдық мерейтойына орай, Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі, Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейінің оқушылары экскурсияға шықты. Экскурсия барысында оқушылар Шымкент қаласының көрікті мекендерін аралады.

Шымкент – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, қала б.з.д. ІІ-ғасырда салынған. Қаланың көрікті мекендерінің бірі – орталық саябақтар, зообақ, Бәйдібек баба ескерткіштері т.б. Оқушылар бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында Шымкент зообағын аралап, ондағы аңдар мен құстар, өзге елде өмір сүруге бейім болған жан-жануарларды көріп, көптеген мәліметтер алды. Дендросаябақта өсетін өсімдіктердің тарихымен танысты. Сондай-ақ, Бәйдібек баба ескерткішін аралап, оның тарихымен, саябақтың құрылып көркеюіне үлес қосқан азаматтардың өмір жолымен танысты. Экскурсия оқушыларға керемет әсер сыйлады.

Ғалымжан БЕГАЛИЕВ,

«Жас туристер» станциясының

қосымша білім беру педагогы.

                

      

Жac ұpпaқтың жaңaшa oйлaнуынa, oлapдың бipтұтac дүниeтaнымының қaлыптacуынa, әлeмдiк caпa дeңгeйiндeгi бiлiм мен бiлiк нeгiздepiн мeңгepуiнe, жaңaшa бiлiм мaзмұнын құpу – жaлпы бiлiм бepу жүйeciндeгi өзeктi мәceлe. Бүгiнгi таңда opтa бiлiм бepу iciнe қoйылap тaлaп бұpынғыдaн дa күpдeлi әpi мaңызды. Өйткeнi, зaмaнaуи қoғaмдa дaмудың жaңa кeзeңi күтiп тұp. Бiлiм бepу caлacындa жaңa тeхнoлoгиялapдың eнуi oқушының oйлaну cтилiн, мұғaлiмнiң oқыту әдicтeмeciнe жaңaртуды қажет етеді. Жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орны ерекше мәнге ие. Өзін-өзі дамытумен қатар, индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды.

      Рефлексия сөзі – латын тілінен кірген «reflexio» кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда берген. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы». Өзін-өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы қалыптасты.

      Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан, ол – сабақтың да негізгі компоненттерінің біріне айналуы тиіс. Рефлексивтік іс-әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни, рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі дегеніміз – міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну. «Рефлексия» – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі.

           Рефлексия – адамның негізгі үш қасиетін өз бетімен білім алу, шешім қабылдай білу, бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады, бұл – XXI ғасыр талабы. Біздің мамандығымыз жаңа ойларды, тәсілдерді үнемі қажет етіп отырады. Сондықтан, рефлексия жаңа заманға сай талапкерді қалыптастырып, қабілеттерін дамытатын жолдың бірі. Бала ойлауға, сөйлеуге, өзін-өзі дамытуға еркін қол жеткізе алады. Рефлексиялық – бағалаушылық процесінде өзіндік ой-пікір, әрекеттерді, тәжірибе нәтижелерін талдау және оқу процесіндегі келесі кезеңдердің бағдарламасын анықтау үшін жағдай жасалады.

                                    

Ақмарал   АНГЕЛЕКОВА,  

«Жылыбұлақ» жалпы орта мектебінің

                                                                                                география пәнінің мұғалімі.