ҰСТАЗДАР ТӘЖІРИБЕЛЕРІН АРТТЫРДЫ

Дүйсенбі, 21 Мамыр 2018 00:00

Сынтас елдімекеніндегі Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінде аудан бойынша барлық мектеп мұғалімдерінің қатысуымен алқалы жиын өтті. Оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы қалыптастырушы бағалау жолдарын меңгертуді мақсат еткен, «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қалыптастырушы бағалауды жүргізудің тиімді жолдары» деген тақырыпты еншілеген аудандық тәжірибелік семинардың өзіндік бір жаңалығы, «Абай әлемі және рухани жаңғыруға» байланысты шын мәнінде сөз қозғай білетін ғалымдар да шақырылыпты.

IMG 3000

Облыстан олжалы оралды

Дүйсенбі, 30 Қазан 2017 00:00

Жуырда Шымкент қаласында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Ең үздік шығармашыл ұстаз» атты көркем еңбек пәндері мұғалімдері арасында облыстық көрме байқауы өтті. Ауданымыздың намысын қорғауға «Қазанның ХХХ жылдығы» жалпы орта мектебінен бейнелеу пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәбит Бөрібеков және «Ынталы» жалпы орта мектебінің технология пәні мұғалімі Замира Ахметова қатысып, I дәрежелі диплом иегері атанды. Сәбит пен Замираның жұмыстары көрермендердің де, әділқазылардың да көңілінен шығып, жоғары бағаланды.

IMG 9161

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2011-жылғы 20-қазандағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына сәйкес қазан айының соңғы жексенбісі «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлер күні» болып белгіленіп, жыл сайын мерекеленіп келеді.

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020-жылдарға арналған тұжырымдамасын ақпараттық сүйемелдеу бойынша 2017-жылға арналған медиа-жоспары мен іс-шаралар кестесі бекітіліп, кестеге сайкес, аудандық қоғамдық келісім кеңес мүшелері мен аудандық ақпараттық насихаттық тобы мүшелері тарапынан ауыл округіндегі елді мекендер, білім беру мекемелерінде, ауыл тұрғындарымен жастар арасында «Тұжырымдаманы іске асырудың тиімділігі» тақырыбында кеңінен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020- жылдарға арналған тұжырымдамасы мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастарды жетілдіруге, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту және дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу. Қазақстан ел ішінде тұрақтылық пен келісімді сақтауда, жалпы адамзаттық құндылықтардың жалпы ұлттық бірлігін нығайтуда діннің маңызды рөл атқаратынын, түрлі діндер мен конфессиялардың бірге өмір сүре алатынын және толық өзара түсіністік пен сыйластық негізінде үйлесімді дами алатынын аудан азаматтарына кеңінен түсіндіруде.
Бекітілген кестеге сәйкес, елді мекендерде және БАҚ-да тұжырымдаманның тиімділігі мен іске асырылуы аудан көлемінде насихатталатын болады.

Болат МӘЛІК,
аудандық ішкі саясат
бөлімінің теолог маманы.

АБЫРОЙЫ БИІК, АРДЫ ОЙЛАҒАН АЗАМАТ

Дүйсенбі, 23 Қазан 2017 00:00

Дүниеде қаншама адам болса, соншама тағдыр, қалдырар өмірлік ізі бар. Кім жақсы ғұмыр кешкісі келмейді дейсіз? Бірақ, қимыл-әрекеті, ұмтылыс-ізденісі, еңбекқорлығы кемшін түсіп жатады. Аманбай шыр етіп дүниеге келген 1947-жылғы 14-қазаннан бері жүріп өткен жолына көз жүгіртті. Ұлы Отан соғысында хабарсыз кеткен қос ұлы Әмір мен Өмірзақтың аман келуін тілеген атасы Омар әлі де болса оралар ма деген үлкен үмітпен ырымдап, жаңа туылған нәрестеге Аманбай деп ат қойыпты. Алайда, зарықтырған перзенттері сол майданнан оралмапты. Оның үстіне Аманбайдың екі жасында әкесі Жанұзақ 1949-жылы көз жұмыпты. Тағдырға не шара? Омар ата келіні Шіріннің жас өмірін өксіткісі келмей, ақ батасын беріп, аталас ағайынға қосып, некесін қидырыпты. Сол Шірін ана мен Смәтіллә көкеден қазір 4 ұл, 4 қыз өсіп-өніп, әрқайсысы үлкен отбасы болып отыр. Сондықтан да, Аманбай: «Анадан тоғыз, әкеден жалғызбын», – деп еске алады.

Біз терроризмге қарсымыз

Дүйсенбі, 16 Қазан 2017 00:00

Қазіргі таңда қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі – терроризм. Жастардың жат ағым жетегінде кетпеуі үшін көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Аталмыш тақырыпта «Махамбет» атындағы ауылдық клуб меңгерушісі Әділбекова Динаның ұйымдастыруымен 10-сынып оқушылары және ата-аналар, мектеп мұғлалімдері арасында «дөңгелек үстел» өтті.

Атқарылған шаруалар ауқымды

Дүйсенбі, 16 Қазан 2017 00:00

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында аудандық музейде іс-шаралар атқарылуда. Алғашқы жұмыстар мұражай экспозиция залдарын қайта жасақтау мен толықтырулардан басталды. Әскери бөлім, «Семей ядролық» полигоны мен АЭС ардагерлерінің арнайы заманауи үлгіде жасаған бұрышы, «Тәуелсіздік» бұрышы, ҰОС батырларына арналған бұрыш, т.с.с. бірқатар экспозициялар жаңартылды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Мен 2012-жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан – 2050» Стратегиясында «2025-жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім. Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз. Яғни, 2025-жылға қарай іс-қағаздарын, мерзімді баспасөздерді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауы керек. Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, комуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес. 2017-жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018-жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет»,– деген болатын. IMG 8898
Тілдерді оқыту және дамыту орталығының ұйымдастыруымен №11 колледжде «Латын әліпбиі – рухани жаңғырудың алтын діңгегі» атты «дөңгелек үстел» өтті.
Аталмыш тақырып аясында Тілдерді оқыту және дамыту орталығының әдіскері Н.Қалдыкөз және қазақ тілі оқытушысы Б.Қазбеков баяндама жасады.
– Жақында жалпы халықтық талқылаудан өткен әліпбидің жаңа нұсқасы Парламент талқысына түсіп, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдайтыны айтылды. Сонымен қатар, латын әліпбиінің жаһандық технолигия мен әлемдік ақпараттың тілі екені, тіпті техниканың да тілі латынша жазылатыны жасырын емес. Әлемдегі ең дамыған ғылыми және әдеби туындылардың осы тілмен жазылуы – бұл өркениеттің бұлжымас заңы, айнымас жолы екенін айғақтай түседі және бізді өркениетке біртабан жақындатады. Латын әліпбиіне қайта көше отырып, біз тағы бір тарихи кезеңге бетбұрыс жасағалы отырмыз. Бұл біздің ұрпаққа бұйырған бақыт деп есептеймін. Себебі, жаңа әліпби күллі қазақты біріктіретін маңызды фактор болмақ, – деді Н.Қалдыкөз.
№11 колледждің студенттері мен ұстаздары көзқарастарын білдіріп, пікір алмаса келе, ойларын білдірді. Және латын әліпбиінің қолдануға жеңіл екендігіне де тоқталып өтті. Колледждің 57- топ студенті Айдана Сарыпбек жаңа ұсынылып отырған әліпбидегі қазақ халқына тән дыбыстардың таңбалануын, ұсынылып отырған әріптердің жазуға және есте сақтауға өте жеңіл екендігін атап өтті.
Басқосуды қорытындылаған орталық директоры Н.Тәңірбергенов: Жуырда ҚР Парламенті Мәжілісінде «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдау өткен болатын. Елбасы мақаласында айтылған латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланған жиында жаңа әліпбидің нұсқасы таныстырылды. Бұл алдағы уақытта халық назарына ұсынылып, тіл мамандарының талқысына түсетіні белгілі. Алдағы екі жыл көлемінде бұл халық назарына ұсынылып, талқыланады. Қазір әлеуметтік желілерде осы әліпбиге қатысты үлкен шу болып жатыр. Әрине, бұл жақсы, халық көзқарасын жеткізгені дұрыс. Дегенмен бүгін әліпби жасап, ертең қолданысқа берейін деп жатқан ешкім жоқ. Осы әліпбидің қолданыс аясын, дыбысталуын, оқылуын, жазған кездегі көркемдігін, барлығын қадағалап, сараптап, талдайтын лингвистерден арнайы қоғамдық кеңес құрылды. Осы көп талқысына ұсынылған әліпби нұсқасын да сол тіл мамандары жасаған. Ал, бұл әліпбимен жазуда таңбалар шұбалаңқыланып кететіні анық. Соның салдарынан психологиялық тұрғыдан адамдарға үйрену оңай бола қоймас. Шұбалаңқы сөздерді оқығанда адамдар жалығып кетуі де мүмкін. Мұны мойындау керек. Бірақ, мысалы біз паспорттарда бұрыннан ж-ны өзінің j деген таңбасы болса да, zh деп, ш-ны sh деп жазып жүрміз. Соған үйреніп те кеттік. Дегенмен қазіргі заман – интернет заманы. Осыдан екі-үш ғасыр бұрынғы байланыс жоқ дәуір емес қой. Елдің барлығы ағылшын тілін меңгеруге тырысып жатыр. Технология, интернет, экономика, барлығының тілі қазір латынша. Сол заман ағымынан қазақ көші неге қалуы керек? Яғни, бізге де бұл тілді меңгеру, Елбасы айтқандай, заман талабынан туындап отыр», – деді ойын білдіріп.
Шараға қатысқан жастарымыз жаңа әліпбиді қолдайтындығын, латын графикасына көшуді құп көретіндігін байқатты.

Ғ.ТІЛЕУБЕРГЕН.

Ауыл азаматтары қайырымдылық жасады

Сәрсенбі, 20 Қырқүйек 2017 00:00

Елімізде «Мектепке жол» девизімен қайырымдылық акциясын ұйымдастыру – жылдағы дағдылы дәстүр. Елшібек батыр атындағы мектеп-лицей ұжымы да әлеуметтік жағдайы мен тұрмысы төмен көп балалы отбасыларды, тұл жетім, жартылай жетім оқушыларды анықтап, 43 баланың тізімін жасады.
Акцияға ауылымыздағы іскер, кәсіпкер азаматтар мен ата-аналар арнайы шақырылды.
Қайырымдылық шарасында мектеп директоры Қ. Анашев пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Сармырзаев сөз сөйлеп, акцияның мақсаты мен мән-мағынасы жайлы баян етті.
Қазақ халқы қай заманда да кәріп-кәсірге, жоқ-жетімекке қайырымдылық, қамқорлық жасаған. Қайырымдылық жайлы дініміз Исламда да, шариғат қағидалары арқылы көп айтады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) өз хадистерінде: « Садақа бер, сауабы мол. Оң қолыңмен бергеніңді, сол қолың көрмесін», – дейді.
Акцияда 43 балаға қажетті киім-кешек, жазу-сызу құралдарына 430 000 теңге шығарған ауылдың іскер-кәсіпкер азаматы болды. Өзінің өтініші бойынша тегін атамадық. Аллаға шүкір, ел болған соң қазіргі нарықтық заман талабына сай кіші және орта кәсіпкерлер саны күн санап өсіп, артып келеді. Сол азаматтар «Мектепке жол» акциясына қатысып отырса, нұр үстіне-нұр болар еді.
Балаларға жасаған қайырымдылық, қамқорлықтары Алладан еселеп қайтары сөзсіз. Қазіргі балалар келешегіміз ғой ағайын, – дегіміз келеді.

Болат ҚАЛМЫРЗАЕВ,
Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейінің
әлеуметтік-педагогы.

Мешіт те демеушілік етті

Сәрсенбі, 20 Қырқүйек 2017 00:00

Жуырда «Қарабастау» жалпы орта мектебінде «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» атты қамқорлық акциясы өтті. Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға «Расул ата» мешітінің пітір-садақа қоры есебінен мешіт имамы Дәулет Есенбеков табыс етті. Жеті оқушыға мектеп формасы мен оқу құралдарын сыйға тартып, 140 мың теңге көлемінде демеушілік танытты.
Биылғы оқу жылында балаларымыз алаңсыз білім нәрімен сусындайтын болды. Осынау жаны жайсаң, жүректері ізгілікке, мейірімге толы азаматтардың жомарттығы өзгелерге өнеге болса екен дейміз.