Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында бірінші басымдықтың үшінші кешенді міндеті – еңбек нарығын жаңғырту.
Елдің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы бағдарламаларының бірі – 2011-2016 жылдары жүзеге асырылған «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы». Оның жалғасы болып табылатын «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016-жылғы 29-желтоқсанында бекітіліп, биыл күшіне енді.
Бағдарламаның мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.
Бағдарламаның міндеттері:

images 3

ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІН АТАП ӨТТІ

Дүйсенбі, 14 Тамыз 2017 09:58

Тамыздың бірінші жексенбісіне тура келетін Көлік қызметкерлері күні – жүргізуші, жолшы, ұшқыш, машинист, вагон қараушы және басқа да өзінің өмірін осы саламен байланыстырған жандардың мерейлі мерекесі. Ел мен елді жалғастырып, алысты жақын етіп, берекелі бірлікке ұластырып отырған көлік саласының маңызы зор. Осы салада аянбай еңбек етіп жүрген «Әбді-Ернұр» ЖШС-нің үлгілі, озат еңбегімен ерекшеленген қызметкерлері төл мерекелерінде марапат төрінен көрінді.

Қаңлының Қаспан деген атасынан – Садақ, Дәуетей және Бәйдек деген үш бала дүниеге келіпті. Үлкені Садақтың жорыққа шыққанда және аң аулағанда мінетін бір айрықша жүйрік аты болыпты. Ол атты інісі Дәуетей күтіп-баптайды екен.

55

бәйтерек Қазығұртта да бар

Жұма, 04 Тамыз 2017 15:24

Елордадағы бірлік бәйтерегі енді Қазығұрт ауданы, Қарабау ауыл әкімдігіне қарасты Үшбұлақ ауылында да бар. Көк аспанмен тілдескен ғажап монументті елдің 1980-жылы туылған азаматтары орнатты. Патриоттар бұл ісін Елбасы мақаласына қолдау деп біледі. Туған жерді түлеткендер өз ауылдарын алыстан менмұндалатты. Ұшбұлақ жылдан-жылға көркіне ажар қосып келеді. Биыл мұнда 100 орындық жекеменшік балабақша ашылған. Ауыл ішінде 12 шақырым жерге жол төселіп, таза ауыз су жүйелері тартылған. Сонымен қатар, орталық 3 көше асфальтталған. Ал, мәдениет үйінің алдында жақында ғана бой тіктеген «Бәйтерек» символикалық нысаны Елордада жүргендей әсер қалдырады. Игі іске әсіресе, ауылдан ұзап, Астанаға шықпағандар қатты қуанды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іс басқарушысы Ербосын Орынның айтуынша, Астана орталығында көкке ұмтылған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның биік нышаны, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспеттес.
Гүлденсе ауыл, көркейеді Қазақстан. Кішігірім елдімекеннің Елорданың даму деңгейіне ұмтылуы әлеумет әлеуетінің артқанын көрсетеді. Ал, перзенттердің туған жерге ту тігуі - рухани жаңғыру бағытындағы ұлы істердің оң жемісі.

Ақмарал Көпжасарова.

Алғыс айтамын

Дүйсенбі, 31 Шілде 2017 10:30

Халық даналығы өмір тәжірибесінен «Бірінші байлық – денсаулық» деп дұрыс ой түйіндеген. Менің де әңгімемнің арқауы – ел саулығына қызмет етуші ақ желеңді абзал жандардың жанқиярлық еңбегін көрсету, оларға алғыс айту.
Аудандық орталық аурухананың бөлім меңгерушісі, дәрігер Әйгерім Алдановаға, аға мейірбике Баян Сәтбаеваға, мейірбикелер Ақниет Лесбекова мен Ханзада Есмұрзаеваға, баршасына шынайы алғысымды білдіремін. Жақында қан қысымым 230-ға көтеріліп, екі бүйрегім ауырып, ұстамамен ауруханаға түсіп емделдім. Сонда осы абзал жандар ауруханаға түскеннен бастап қамқорлығына алып, бар біліктілігін салып, айығуыма жағдай жасады.
Қолы шипалы, жаны жайсаң жандардың өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқаруының нәтижесінде, дәрігерлердің белгілеген емі бойыма дарып, сағат санап жағдайым жақсара түсті. Ақ желеңді абзал жандардың еңбектері еленіп, тиісті орындардан бағалана берсін деген тілегімді де білдіремін.
Смайыл МЫРЗАБЕК,
зейнеткер ұстаз.

Әріптесіміз магистр атанды

Сейсенбі, 11 Шілде 2017 11:31

«Қазығұрт тынысы» газетінің тілшісі, әріптесіміз, бірнеше кітаптың авторы, халық мұраларын жинаушы, «Сырдария» университетінің магистранты Құралбек Ергөбеков өзінің ізденімпаз, еңбекқор екенін тағы да көрсете білді. Ол таяуда ғана магистратураны тәмамдап, «Қазанқап Байболұлының шығармашылық мұрасы: тақырыптық, жанрлық табиғаты және көркемдік ерекшеліктері» тақырыбындағы (ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ләззат Әбенова) магистрлік диссертациясын сәтті қорғап шықты. Сөйтіп, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәреже атағын алды. Әріптесімізді құттықтап, бұдан да биік табыстарға жетіп, еңбегінің жемісін көре беруіне тілектестік білдіреміз.

IMG 1700

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының негізгі күші. Аграрлық білім мен ғылымның дамуы арқылы ауыл көркейіп, мемлекет өркендейді. Бүгінгі күні мемлекет агроөндірістік кешеннің дамуы үшін барынша жағдай жасап отыр. Бұл ретте ауыл шаруашылық мамандарына қойылатын талап та заманға сай жаңаруда.

Т.ЕСБОЛОВ

Тілектес ЕСПОЛОВ:
Қазақ ұлттық аграрлық
университетінің ректоры,
ҰҒА Вице-президенті, академик

Мектеп жасындағы балалардың жазғы демалысы басталды. Оқу жылының жүктемесінен кейінгі ми қайнатар жазғы ыстық мезгілде оларға лагерде – көпшілік сауықтыру мекемесінде толыққанды ұйымдастырылған тынығу ұйымдастырылған.

Бақша өнімдерінің сапасы қандай?

Сейсенбі, 04 Шілде 2017 15:01

Аптап ыстығымен жазғы мезгіл де келді. Сауда сөрелерінде көкөністер мен жемістер көз тартып, кеңінен тола бастады. Жаздың ортасында ауданымыздағы базарларда қауын-қарбыз көп сатылады. Халық көбіне ауданымызға ерте әкелінетін қарбыздардың сапасынан қорқатындарын айтады. Шын мәнінде қандай? Көкөністердің құрамындағы нитраттар жайлы естиміз, ол не? Егер химия пәнін еске алсақ нитраттар дегеніміз – азот қышқылының тұздары, адам ағзасына өздігінен зияны жоқ. Бірақ, адам ағзасына түскен нитраттар тотығу процестерінің нәтижесінде нитриттерге, яғни уға айналады.

Бүгінгі жәдігер – ертеңгі тарих

Сейсенбі, 04 Шілде 2017 15:00

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Тарихқа өз үлесіңді қос» атты Қазығұрт аудандық музей қызметкерлері мұражайында іс шара өткізді. Акцияға Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы Емқұлов Әліпбай, Қазығұрт ауданы Өзбек мәдени орталығының төрағасы Сабитов Бахрам, Чернобиль ардагерлері Кеңесінің төрағасы Сейтов Байғали сондай-ақ, мұражайға жанашыр азаматтар қатысты. Аталмыш акцияның мақсаты – халықтың баға жетпес құнды экспонаттарын жинап, өскелең ұрпаққа төл тарихымызды насихаттау.