Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге өтініштерді тапсыру бойынша Қазақстан Республикасының 2007-жылғы 26-шілдедегі №310 заңының 9-бабында адам құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі, әкімнің шешімі немесе қаулысы күшіне енген өзге де құқық белгілеуші құжаттар берілген сәттен бастап алты айдан кешіктірмей, мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге тиіс екендігі көрсетілген, егер құқық белгілеуші құжаттарды дер кезінде тапсырылмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 460-бабында жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзуы, яғни, алты ай жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатындығын айта келе, құқық белгілеуші құжаттарыңызды алты ай мерзімінен кешіктірмей ХҚКО-ғы арқылы өтінішпен жүгінуіңіз қажет.

1308744086 e-registraciya-nedvizhimosti

М. НҰРАН,
аудандық әділет басқармасының бөлім басшысы.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) баланың тууын тіркеу мерзімін қысқарту бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Кодекстің 189-бабымен баланың тууы туралы өтінішті оның ата-аналары, не басқа да мүдделі адамдар тіркеуші органдарға ол туған күннен бастап, үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс, ал, бала өлі туған жағдайда, босанған кезден бастап, бір жұмыс күнінен кешіктірмей медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы өтінішті беретіні көзделген. Сонымен қатар, баланың тууын тіркеуге өтінішті қабылдаған кезде, уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен немесе мерзімнің бас-талуы белгіленген оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен басталады деп көрсетілген. Бұл орайда ҚР Азаматтық Кодексінің 173-бабын басшылыққа алу қажеттігіне назар аударамыз.

ІІ Республикалық имамдар форумы

Дүйсенбі, 05 Маусым 2017 09:46

Ағымдағы жылы сәуір айында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарық көрді. Әлемдегі ең дамыған, өркениетті 30 елдің қатарында болу үшін әрбір азамат заман талабына сай дамып, жан-жақты ізденістер үстінде болуы, яғни компьютерлік техникаларды жетік меңгеріп, үш тілде еркін сөйлеуі керек. Әрбіріміз жоғарғы білімге жетіп, бір маман иесі болып қана қоймай, жаңашылдыққа, рухани жаңғыруға ұмтылғанымыз мақұл. Оған дін қызметкерлерінің де қосар үлесі зор. Өйткені, шетелден келіп жатқан неше түрлі ағымдар мен секталарға қарсы тұру үшін білімді болу үлкен рөл атқарады.

545454
Сәуір айында Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Ислам және өркениет» тақырыбында ІІ Республикалық имамдар форумы болды. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан 500 имам жиналды. Форумға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы және ғалымдар мен дінтанушылар, сондай-ақ, ауданымыздың тумасы, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшесі Зәріпбай Оразбай қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
2015-жылы 19-ақпанда алғашқы рет болған Республикалық имамдар форумында төрт бірдей құжат қабылданған болатын. 2016-жылдың басты жаналығы – Елбасымыздың жарлығымен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды.
Биылғы ІІ Республикалық имамдар форумында екі бірдей тарихи құжат талқыланып, қатысушылар бірауыздан мақұлдады. Атап айтқанда, олар:
1. «Үздік зияткер имам»,
2. «Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы».
ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Серікбай қажы Ораз «Үздік зияткер имам» тұжырымдамасын түсіндірді.

Әділхан СЕРТАЕВ,
ауданның Бас имамы.

Ел игілігіне пайдалануға берілді

Дүйсенбі, 05 Маусым 2017 09:11

Мемлекеттің және Елбасымыздың қолдауымен елімізде кәсіпкерлік мәселелері қарқын алып, дамып келеді. Ауылды жерлерімізде де жастарымызға мектептер соғылып, көптеген басқа да жағдайлар жасалуда. Үшбұлақ ауылында жаңа үлгідегі 300 орынды мектеп ашылған болатын.

Зиялы қауыммен кездесті

Сәрсенбі, 24 Мамыр 2017 09:50

Өткен жексенбі күні аудандық мәслихат депутаттары Жаңабазар ардагерлері қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен кездесті.
Кездесуді қоғамдық бірлестік төрағасы, Жаңабазар ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Құралбаев жүргізіп, бірлестіктің тарихы мен бүгінгі атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.
Кездесу барысында аудандық мәслихат хатшысы Өріс Көпеев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген мәселелерге кеңінен тоқталды.
Өзара пікір алмасуға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Омаров, еңбек ардагерлері Р. Жамашов, Ө. Арынтаев, М. Сатпаев, Ө. Дөненбаев елді мекендердегі ауызбіршілік, ынтымақ жөнінде көкейде жүрген ойларын ортаға салды.

Ұлттар достығы жалғасып жатыр

Сәрсенбі, 24 Мамыр 2017 09:47

Іле Алатауы сілемдерінің қарлы шыңдарынан бастау алатын Суықбұлақ, Жүзімсай, Жігерген, Ұя сулары көктемде арнасынан асып-тасып, өршелене алға ұмтылып, қос жағалауды кезек-кезек соққылап, бұзып-жарып жөңкіле ағады. Осы сулар «Қоспа» деп аталатын тұста бәрі қосылып, одан әрі «Келес» өзені аталып, батысқа қарай бұраң қағып, сырғи ағып кете барады.
Қоспаның түстік жағындағы тегістің күншығыс жағынан шамамен 1850 жылдары Қалдақ баба базар ашады. Кейін ауыл аты да, базар атымен аталғаны мәлім. Қалдақ баба базарды одан әрі ұлғайту мақсатында көрші елден өзбек ағайындарды көшіріп әкеліп, қоныстандырады. Олар базаршыларға «Асхана, Шайхана» ашып, базар көрігін қыздырады. Базар күннен күнге ұлғайып, ел әжетін шығарып, алыс-жақыннан базаршылар ағыла бастайды.

дастархан
Сол заманда, Қазығұрттың күнгей бетіндегі елді мекендерге Жолдықара датқа билік жүргізіп, төрелік етеді. Ол базарға жақын маңнан әр елдің азаматтары, ел билеген көсемдері мен сөз білетін шешендері, бетке ұстар беделділері бас қосатын орын – «Майхана» ашады. Олар ұлтаралық достықты, ынтымақты басты ұстаным етеді.
Майханада мал сойылып, ет асылып, қымыз ішіліп, қызу әңгіме-дүкен құрылады. Сол кездің сұңғыла қариялары елдің өткені мен ертеңгісін қаузап, елішілік, еларалық өзекті мәселелерді шешетін болған. Бабаларымыз бас қосатын орында, қазандағы еттің бұрқ-сарқ қайнап, майы бетіне шығатыны, от ауызды, орақ тілді шешендер қызып сөйлегенде, сөздің майы таматыны, бұл орынды «Майхана» деп атауға негіз етіп алса керек.
Сол замандардан қалған: «Балаңды тәрбиелегің келсе, не медресеге, не майханаға бер», – деген нақыл сөз тегіннен тегін айтылмағаны анық. Тәрбиелі бала көрсе: «Майхана көрген бала екен!», – деп, ренжісе: «Майхана көрмеген бала!» – деп, айтатын болған.
Жолдықара датқа заманында дүрілдеген «Майхана», оның ұлы Шалқарбай бидің тұсында да, біраз жыл жалғасын табады. Қазан төңкерісінен соң, Шалқарбай би шолақ белсенділердің қуғынына ұшырап, «Майхана» өз жұмысын тоқтатады. Содан кейін, 1953-жылға дейін шолақ белсенділердің дәурені жүреді.
1955-жылдары өзбек Сейтматтың үйінде «Майхана» қайта ашылып, өз жұмысын бас-тайды. Сол жылдары «Майханаға» біз білетін Серкебай, Қуатбай, Ісебай, Назарқұл, Полат шолақ, Нәлібай, Дүйсен, Әлімбай, Кемел, Мергенбай, бізге есімдері беймәлім Сынтас, Жігерген, Көкібел, Майбұлақ, Рабат, Шарапхана, Шарбұлақ елді мекендерінен бірнеше азаматтар мүше болып қатысады.
Бұл күндері сексеннің сеңгіріне шыққан алтынтөбелік Айтқұл қария: «Әкем Дүйсен бала кезімде Жаңабазардағы «Майханаға» жиі ертіп баратын еді», – дейді. Бірде «Майхана» төрінде отырған ташкенттік ешанға Әлімбай белсенді жарамсақтанып, қолын алмаққа дастарқанды баса ұмтылғанда, ешан: «Дастарқаннан ешкім үлкен емес, сәлеміңді орныңда тұрып айтсаң да жетеді деп тоқтатқаны бар еді», – деп еске алады.
1960-жылдары Бекжан молда бастаған әр елдің азаматтары «Майханадан» бөлініп шығып (сірә, мүшелерінің көбеюіне байланыс-ты болса керек), өз «Майханасын» ашады. Негізгі «Майханада» тек жаңабазарлықтар ғана қалады.

Негізгі «Майхананы» 1974-жылға дейін Назарқұл ата би болып басқарады. 1975-1980 жылдары Ісебай ата би болады. 1980-жылдары Ісебай ата билікті, бүгінгі күнгі 90 жастағы би Жүніс ақсақалға тапсырады. Негізгі «Майханадан» енші алған «Майханада» Бекжан молда 2001-жылға дейін, 2001-2016 жылдар аралығында Жақсылық аға билік етеді.
2016-жылдың аяғында Жақсылық аға өмірден озған соң, «Майхана» мүшелерінің ұсынуымен 3 үміткер билікке дауысқа түсті. «Майхана» мүшелерінің ашық дауыс беру нәтижесінде көпшілік дауыспен Тәңірберген ағамыз би болып, орынбасары болып Әбдікәрім ағамыз сайланды.
Бұл күндері негізгі «Майханада» ақылман Шарақымбай қария, тереңнен қозғап, жан-жағын барлап, түйдек-түйдек сөз ағытатын Қараман қария, әр сөзінде ой тұнған, нысанаға дөп тигізе сөйлейтін, қара сөздің хас шебері, шашасына шаң жұқпас жүйрік Сарыпбек қария жастарға үлгі болып, жол көрсетуде.
Енші алған «Майханада» Құттыбай, Тілләбай, Мүтәлі, Палмат, Рахматулла, Мәдәлі, Кәрібай, Амантай, Шералы сияқты қариялар толқымалы заманда тоқтамды сөз айтып, көпке өнеге көрсетіп ортамызда жүр.Атадан қалған жолды жалғап, Сейтматтың немересі Қалтай «Майханаға» иелік етуде.
Екі «Майханаға» алыс-жақыннан азуын айға білеген шешендер, ел тізгінін ұстаған ел ағалары, топтан оза шыққан жас жігіттер келіп, ақсақалдармен ой бөлісіп, баталарын алып, кетіп жатады. Солардың бірі – көкбұлақтық Әбдіғаппар ағамыз, «Майхананың» қадірлі қонақтарының бірі. Әбдіғаппар аға сөйлегенде, кәрі-жас түгел оны тыңдауға ден қояды. Көмейінен от шашып, көздерінен нұр тасып, төрт аяғын тең басқан жорғадай ағып сөйлейді. Көкейіңдегіні дөп басып, қиялыңа қанат бітіріп, орман ойды оятып, қамшылай алға жетелей сөйлейді. Бабалардан қалған шешендік өнерді паш еткеніне еріксіз риза боласың.
Жаңабазардағы «Майханалар» бабалар салған жолды жалғап, салт-дәстүрді сақтап, жақсы істерді жақтап, жас ұрпақты баптап, тәуелсіз Қазақ елінің рухы биік азаматы болуына, туған еліміздің өсіп өркендеуіне хал-қадерінше үлес қосып, «Майхананың» қазанын қайнатып келеді.

Әбдірәсіл Қуатбай,

Жаңабазар ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы.

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу

Сәрсенбі, 24 Мамыр 2017 09:47

Баланың тууын тіркеу үшін тууы туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негіз болып табылады.
Тууды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болмаған кезде баланың тууын мемлекеттік тіркеу осы әйелдің баланы туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің негізінде жүргізіледі.
Баланың тууын мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар баланың туған жері бойынша немесе ата-анасының не олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.
Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды қабылдауды тіркеуші орган, сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Ата-анасының тұрғылықты жері олардың заңды мекен-жайына сәйкес айқындалады.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015-жылдың 28-сәуіріндегі №279 бұйрығының 17-қосымшасындағы «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай өтініш беруші құжаттарын халыққа қызмет көрсету орталығы немесе кент, ауыл, ауылдық округі әкіміне, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш баламалы түрде бере алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сай 2016-жылы аз қамтамасыз етілген 3603 отбасындағы 15125 он сегіз жасқа дейінгі балаға барлығы 345116,3 мың теңге жәрдемақы тағайындалып, төленіп, қаржы толығымен игерілді.
Осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 18-қосымшасындағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай өтініш беруші құжаттарын халыққа қызмет көрсету орталығы немесе кент, ауыл, ауылдық округі әкіміне, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш баламалы түрде бере алады.
2016-жылы ауыл округтерінен құрылған аз қамтамасыз етілген отбасылардың тұрмыстық жағдайын зерделейтін комиссиялардың қорытындысымен аудан көлемінде мұқтаж отбасылары анықталмаған. Осыған байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмаған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016-жылдың 9-шы сәуірі күнгі №319 бұйрығының 1-қосымшасындағы «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай тұрғын үй көмегіне өтініштерді тікелей халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш бере алады.
2016-жылы 538 өтінішпен қоса, құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталығы қабылдап, қабылданған өтініштер бойынша бөлімнің мамандары 2016-жылы аз қамтамасыз етілген 538 отбасындағы 3559 адамға 17240,0 мың теңге жәрдемақы тағайындап, ол толығымен төленді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлттық жос-парына сәйкес 84-қадамы Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыруды көздейді. Әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетін болады. Кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана берілетін болады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015-жылдың 28-қазандағы №369-V заңына сәйкес «Өрлеу» бағдарламасы, яғни жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек енгізіледі.2018-жылдың 1-ші қаңтарынан бастап үш жәрдемақы атап айтқанда:123456

жәрдемақылары біріктіріліп, «Өрлеу» бағдарламасы жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек түрі қолданысқа енгізіледі.
2018-жылдың 1-қаңтарынан бастап, «Өрлеу» бағдарламасы, яғни жаңа үлгідегі атау-лы әлеуметтік көмек шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде төленеді.
Шартсыз ақшалай көмек – ол жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі, табысы аз адамдарға, ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.
Ал, шартты ақшалай көмек – еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, өзінің құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар табысы аз отбасыларға ол жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенованың төрағалығымен 2015-жылдың 23-қарашасында өткізілген селекторлық кеңес хаттамасының 2.1 тармағына сәйкес 2016-жылдың 1-ші шілдесінен барлық өңірлерде республикалық және жергілікті бюджет есебінен «Өрлеу» пилоттық жобасы ретінде тек шартты ақшалай көмек көрсету жүзеге асырылды.
Аудан көлемінде 2016-жылдың шілде айынан бастап, 95 аз қамтамасыз етілген отбасымен отбасының әлеуметтік белсенділігін арттыру келісім шарты жасалынып, 97 еңбекке қабілетті адамы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына тартылып, оларға 12575,0 мың теңге шартты ақшалай көмек тағайындалып, толығымен төленген.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017-жылғы 13-ақпанындағы №52 бұйрығына сәйкес 2017-жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, аз қамтамасыз етілген отбасыларды «Өрлеу» бағдарламасына отбасының еңбекке қабілетті азаматтарын (азаматша) «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасына тарту арқылы шартты ақшалай көмек тағайындалатын болады.
Осы қаулыға байланысты 2017-жылдың ақпан, наурыз айларында «Өрлеу» бағдарламасына аз қамтамасыз етілген 463 отбасындағы 489 еңбекке қабілетті адамдарды «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы арқылы жұмысқа тартып, оларға жеке қосалқы шаруашылығын және жеке кәсіптерін өркендету үшін 120433,0 мың теңге шартты ақшалай көмек тағайындалып, төленген.


Н. ЖҰМАШОВА,
Аудандық еңбекпен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
мемлекеттік әлеуметтік көмек
көрсету секторының меңгерушісі.

Облыста «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» бойынша іріктеу өткізіледі. Бұл іс-шараға қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, мекемелер, ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің service.pravstat.kz мекен жайында орналасқан ақпараттық портал арқылы 12 қызметті үйден шықпай-ақ, кез-келген мобилді құрылғы немесе гаджет арқылы электронды түрде алуға болады.