Тағы да бөбекжай ашылды

Дүйсенбі, 19 Маусым 2017 09:10

1-Маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесі күні Тұрбат ауыл округінің Еңбек елді мекенінде Рабия Таушақызы атындағы бөбекжай пайдалануға беріліп, ауыл тұрғындары мен бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі.

Біз бақытты баламыз!

Дүйсенбі, 05 Маусым 2017 09:52

Орталық саябақта, Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Біз бақытты баламыз!» атты іс-шара өтті. Оған аудан орталығындағы «Болашақ», Қ.Сәтпаев, Т.Рысқұлов атындағы мектептерінің оқушылары және «Шолпан», «Айшолпан», «Балайым», «Аружан», «Нұрбаян» балабақшаларының тәрбиеленушілері қатысты.
Аудандық білім бөлімінің бас маманы С.Бөрібай жиналғандарды мерекемен құттықтап, жас өнерпаздарға сәттілік тіледі. Ән-шашу Т. Рысқұлов атындағы мектептің өнерпазы Ә. Мақсұтованың «Біз бақытты баламыз» әнімен басталды.

Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деген мақаласында: «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес», – деген болатын. Біз мемлекет басшысының осы мақаласын оқи отырып, күнделікті тұрмыс-тіршілігіміздегі келеңсіз жәйттерден арылатын жолды саралауымыз керек. Мәселен той, ас беру туралы айтайық.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге өтініштерді тапсыру бойынша Қазақстан Республикасының 2007-жылғы 26-шілдедегі №310 заңының 9-бабында адам құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі, әкімнің шешімі немесе қаулысы күшіне енген өзге де құқық белгілеуші құжаттар берілген сәттен бастап алты айдан кешіктірмей, мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге тиіс екендігі көрсетілген, егер құқық белгілеуші құжаттарды дер кезінде тапсырылмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 460-бабында жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзуы, яғни, алты ай жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатындығын айта келе, құқық белгілеуші құжаттарыңызды алты ай мерзімінен кешіктірмей ХҚКО-ғы арқылы өтінішпен жүгінуіңіз қажет.

1308744086 e-registraciya-nedvizhimosti

М. НҰРАН,
аудандық әділет басқармасының бөлім басшысы.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) баланың тууын тіркеу мерзімін қысқарту бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Кодекстің 189-бабымен баланың тууы туралы өтінішті оның ата-аналары, не басқа да мүдделі адамдар тіркеуші органдарға ол туған күннен бастап, үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс, ал, бала өлі туған жағдайда, босанған кезден бастап, бір жұмыс күнінен кешіктірмей медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы өтінішті беретіні көзделген. Сонымен қатар, баланың тууын тіркеуге өтінішті қабылдаған кезде, уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен немесе мерзімнің бас-талуы белгіленген оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен басталады деп көрсетілген. Бұл орайда ҚР Азаматтық Кодексінің 173-бабын басшылыққа алу қажеттігіне назар аударамыз.

ІІ Республикалық имамдар форумы

Дүйсенбі, 05 Маусым 2017 09:46

Ағымдағы жылы сәуір айында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарық көрді. Әлемдегі ең дамыған, өркениетті 30 елдің қатарында болу үшін әрбір азамат заман талабына сай дамып, жан-жақты ізденістер үстінде болуы, яғни компьютерлік техникаларды жетік меңгеріп, үш тілде еркін сөйлеуі керек. Әрбіріміз жоғарғы білімге жетіп, бір маман иесі болып қана қоймай, жаңашылдыққа, рухани жаңғыруға ұмтылғанымыз мақұл. Оған дін қызметкерлерінің де қосар үлесі зор. Өйткені, шетелден келіп жатқан неше түрлі ағымдар мен секталарға қарсы тұру үшін білімді болу үлкен рөл атқарады.

545454
Сәуір айында Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Ислам және өркениет» тақырыбында ІІ Республикалық имамдар форумы болды. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан 500 имам жиналды. Форумға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы және ғалымдар мен дінтанушылар, сондай-ақ, ауданымыздың тумасы, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшесі Зәріпбай Оразбай қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
2015-жылы 19-ақпанда алғашқы рет болған Республикалық имамдар форумында төрт бірдей құжат қабылданған болатын. 2016-жылдың басты жаналығы – Елбасымыздың жарлығымен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды.
Биылғы ІІ Республикалық имамдар форумында екі бірдей тарихи құжат талқыланып, қатысушылар бірауыздан мақұлдады. Атап айтқанда, олар:
1. «Үздік зияткер имам»,
2. «Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы».
ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Серікбай қажы Ораз «Үздік зияткер имам» тұжырымдамасын түсіндірді.

Әділхан СЕРТАЕВ,
ауданның Бас имамы.

Ел игілігіне пайдалануға берілді

Дүйсенбі, 05 Маусым 2017 09:11

Мемлекеттің және Елбасымыздың қолдауымен елімізде кәсіпкерлік мәселелері қарқын алып, дамып келеді. Ауылды жерлерімізде де жастарымызға мектептер соғылып, көптеген басқа да жағдайлар жасалуда. Үшбұлақ ауылында жаңа үлгідегі 300 орынды мектеп ашылған болатын.

Зиялы қауыммен кездесті

Сәрсенбі, 24 Мамыр 2017 09:50

Өткен жексенбі күні аудандық мәслихат депутаттары Жаңабазар ардагерлері қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен кездесті.
Кездесуді қоғамдық бірлестік төрағасы, Жаңабазар ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Құралбаев жүргізіп, бірлестіктің тарихы мен бүгінгі атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.
Кездесу барысында аудандық мәслихат хатшысы Өріс Көпеев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген мәселелерге кеңінен тоқталды.
Өзара пікір алмасуға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Омаров, еңбек ардагерлері Р. Жамашов, Ө. Арынтаев, М. Сатпаев, Ө. Дөненбаев елді мекендердегі ауызбіршілік, ынтымақ жөнінде көкейде жүрген ойларын ортаға салды.

Ұлттар достығы жалғасып жатыр

Сәрсенбі, 24 Мамыр 2017 09:47

Іле Алатауы сілемдерінің қарлы шыңдарынан бастау алатын Суықбұлақ, Жүзімсай, Жігерген, Ұя сулары көктемде арнасынан асып-тасып, өршелене алға ұмтылып, қос жағалауды кезек-кезек соққылап, бұзып-жарып жөңкіле ағады. Осы сулар «Қоспа» деп аталатын тұста бәрі қосылып, одан әрі «Келес» өзені аталып, батысқа қарай бұраң қағып, сырғи ағып кете барады.
Қоспаның түстік жағындағы тегістің күншығыс жағынан шамамен 1850 жылдары Қалдақ баба базар ашады. Кейін ауыл аты да, базар атымен аталғаны мәлім. Қалдақ баба базарды одан әрі ұлғайту мақсатында көрші елден өзбек ағайындарды көшіріп әкеліп, қоныстандырады. Олар базаршыларға «Асхана, Шайхана» ашып, базар көрігін қыздырады. Базар күннен күнге ұлғайып, ел әжетін шығарып, алыс-жақыннан базаршылар ағыла бастайды.

дастархан
Сол заманда, Қазығұрттың күнгей бетіндегі елді мекендерге Жолдықара датқа билік жүргізіп, төрелік етеді. Ол базарға жақын маңнан әр елдің азаматтары, ел билеген көсемдері мен сөз білетін шешендері, бетке ұстар беделділері бас қосатын орын – «Майхана» ашады. Олар ұлтаралық достықты, ынтымақты басты ұстаным етеді.
Майханада мал сойылып, ет асылып, қымыз ішіліп, қызу әңгіме-дүкен құрылады. Сол кездің сұңғыла қариялары елдің өткені мен ертеңгісін қаузап, елішілік, еларалық өзекті мәселелерді шешетін болған. Бабаларымыз бас қосатын орында, қазандағы еттің бұрқ-сарқ қайнап, майы бетіне шығатыны, от ауызды, орақ тілді шешендер қызып сөйлегенде, сөздің майы таматыны, бұл орынды «Майхана» деп атауға негіз етіп алса керек.
Сол замандардан қалған: «Балаңды тәрбиелегің келсе, не медресеге, не майханаға бер», – деген нақыл сөз тегіннен тегін айтылмағаны анық. Тәрбиелі бала көрсе: «Майхана көрген бала екен!», – деп, ренжісе: «Майхана көрмеген бала!» – деп, айтатын болған.
Жолдықара датқа заманында дүрілдеген «Майхана», оның ұлы Шалқарбай бидің тұсында да, біраз жыл жалғасын табады. Қазан төңкерісінен соң, Шалқарбай би шолақ белсенділердің қуғынына ұшырап, «Майхана» өз жұмысын тоқтатады. Содан кейін, 1953-жылға дейін шолақ белсенділердің дәурені жүреді.
1955-жылдары өзбек Сейтматтың үйінде «Майхана» қайта ашылып, өз жұмысын бас-тайды. Сол жылдары «Майханаға» біз білетін Серкебай, Қуатбай, Ісебай, Назарқұл, Полат шолақ, Нәлібай, Дүйсен, Әлімбай, Кемел, Мергенбай, бізге есімдері беймәлім Сынтас, Жігерген, Көкібел, Майбұлақ, Рабат, Шарапхана, Шарбұлақ елді мекендерінен бірнеше азаматтар мүше болып қатысады.
Бұл күндері сексеннің сеңгіріне шыққан алтынтөбелік Айтқұл қария: «Әкем Дүйсен бала кезімде Жаңабазардағы «Майханаға» жиі ертіп баратын еді», – дейді. Бірде «Майхана» төрінде отырған ташкенттік ешанға Әлімбай белсенді жарамсақтанып, қолын алмаққа дастарқанды баса ұмтылғанда, ешан: «Дастарқаннан ешкім үлкен емес, сәлеміңді орныңда тұрып айтсаң да жетеді деп тоқтатқаны бар еді», – деп еске алады.
1960-жылдары Бекжан молда бастаған әр елдің азаматтары «Майханадан» бөлініп шығып (сірә, мүшелерінің көбеюіне байланыс-ты болса керек), өз «Майханасын» ашады. Негізгі «Майханада» тек жаңабазарлықтар ғана қалады.

Негізгі «Майхананы» 1974-жылға дейін Назарқұл ата би болып басқарады. 1975-1980 жылдары Ісебай ата би болады. 1980-жылдары Ісебай ата билікті, бүгінгі күнгі 90 жастағы би Жүніс ақсақалға тапсырады. Негізгі «Майханадан» енші алған «Майханада» Бекжан молда 2001-жылға дейін, 2001-2016 жылдар аралығында Жақсылық аға билік етеді.
2016-жылдың аяғында Жақсылық аға өмірден озған соң, «Майхана» мүшелерінің ұсынуымен 3 үміткер билікке дауысқа түсті. «Майхана» мүшелерінің ашық дауыс беру нәтижесінде көпшілік дауыспен Тәңірберген ағамыз би болып, орынбасары болып Әбдікәрім ағамыз сайланды.
Бұл күндері негізгі «Майханада» ақылман Шарақымбай қария, тереңнен қозғап, жан-жағын барлап, түйдек-түйдек сөз ағытатын Қараман қария, әр сөзінде ой тұнған, нысанаға дөп тигізе сөйлейтін, қара сөздің хас шебері, шашасына шаң жұқпас жүйрік Сарыпбек қария жастарға үлгі болып, жол көрсетуде.
Енші алған «Майханада» Құттыбай, Тілләбай, Мүтәлі, Палмат, Рахматулла, Мәдәлі, Кәрібай, Амантай, Шералы сияқты қариялар толқымалы заманда тоқтамды сөз айтып, көпке өнеге көрсетіп ортамызда жүр.Атадан қалған жолды жалғап, Сейтматтың немересі Қалтай «Майханаға» иелік етуде.
Екі «Майханаға» алыс-жақыннан азуын айға білеген шешендер, ел тізгінін ұстаған ел ағалары, топтан оза шыққан жас жігіттер келіп, ақсақалдармен ой бөлісіп, баталарын алып, кетіп жатады. Солардың бірі – көкбұлақтық Әбдіғаппар ағамыз, «Майхананың» қадірлі қонақтарының бірі. Әбдіғаппар аға сөйлегенде, кәрі-жас түгел оны тыңдауға ден қояды. Көмейінен от шашып, көздерінен нұр тасып, төрт аяғын тең басқан жорғадай ағып сөйлейді. Көкейіңдегіні дөп басып, қиялыңа қанат бітіріп, орман ойды оятып, қамшылай алға жетелей сөйлейді. Бабалардан қалған шешендік өнерді паш еткеніне еріксіз риза боласың.
Жаңабазардағы «Майханалар» бабалар салған жолды жалғап, салт-дәстүрді сақтап, жақсы істерді жақтап, жас ұрпақты баптап, тәуелсіз Қазақ елінің рухы биік азаматы болуына, туған еліміздің өсіп өркендеуіне хал-қадерінше үлес қосып, «Майхананың» қазанын қайнатып келеді.

Әбдірәсіл Қуатбай,

Жаңабазар ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы.

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу

Сәрсенбі, 24 Мамыр 2017 09:47

Баланың тууын тіркеу үшін тууы туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негіз болып табылады.
Тууды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болмаған кезде баланың тууын мемлекеттік тіркеу осы әйелдің баланы туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің негізінде жүргізіледі.
Баланың тууын мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар баланың туған жері бойынша немесе ата-анасының не олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.
Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды қабылдауды тіркеуші орган, сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Ата-анасының тұрғылықты жері олардың заңды мекен-жайына сәйкес айқындалады.