Отбасы – бақыт мекені

Дүйсенбі, 16 Қазан 2017 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 434 рет

Шипажай үлгісіндегі №11 арнаулы мектеп-интернаты Елбасымыздың биылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деген тақырыптағы мақаласы аясында «Үлгілі отбасы» атты байқау өткізді. Шараны өткізудегі басты мақсат – баланың ата-ана өміріндегі маңызын, ата-аналардың балаларға деген өнегесін көрсету. Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, жастарды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа, рухани жаңғыруға тәрбиелеу.


Әке мейірімімен құрышын қандырып, ана сүтінен нәр алып, әке ұлағаты мен ана тағылымын көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады. Отбасы – баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін тәрбиеге тікелей ықпал етуші орта.
«Үлгілі отбасы» байқауының ережелері мен шарттарын Аман Сойлыбаева таныстырды. Сайыс өте қызықты да тартымды ұйымдастырылды. 1-орынды Амангелдиевтер, 2-орынды Момыновтар, 3-орынды Құлтаевтар отбасы иеленсе, «Ұйымшыл отбасы» номинациясына Тасполтаевтар, «Мерейлі отбасы» номинациясына Әлімовтер, ынталандыру сыйлығына Қадіровтар отбасы ие болды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазылар алқасының төрағасы Омар Салыбеков байқауға қатысушыларға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табыс етті.

Шұғыла ҚАДІР,
9-сынып оқушысы,
баспасөз секторы.