Мұғалім – мектептің жүрегі

Дүйсенбі, 23 Қазан 2017 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 304 рет

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында бәсекеге қабілеттілік жайлы орынды сөз қозғаған. Яғни, аталмыш мақалада «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. .. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни, барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – деген болатын. Осынау бәсекеге қабілетті елдің болашағы – білімді жастар деген болар ем. Ал, білімді, дүниетанымы кең, ертеңгі еліміздің бетке тұтар тұтқасын аяулы ұстаздарымыз тәрбиелейді.


«Мұғалім – бәрінен де қымбат, өйткені, ол – мектептің жүрегі», – деп Ы.Алтынсарин атамыз айтқандай ұстаз ұлы тәрбиеші. Ол жан-жақты, білімді бәсекеге қабілетті өз ісінің ұстасы, қоғамның басты тұлғасы десек те қателеспейміз.
Қай қоғамда болсын ұрпақ тәрбиесі алдында мұғалімдердің жауапкершілігі орасан зор. Қазіргі ұстаздардың алдында тұрған міндеттердің ең маңыздысы – оқушыларды жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу. Шығармашылық іс-әрекетінің қалыптасуына белсенді ықпал ету.
Ең алдымен ұстаз – оқушы үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп оларға үлкен жауапкершілік жүктеген. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Небір данышпан адамдар да, қоғам қайраткерлері де, бір адамның қолынан өтеді. Ол – ұстаз. Әрбір адам ұстазына қарап бой түзейді. Шәкірті арқылы ұстазының қандай дәрежедегі мұғалім екенін байқауға болады. Оқушы – мұғалімнің айнасы деген болар ем.

Н.АЙТЕНОВА,
«Қызылдихан» жалпы орта
мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі.