«Алтын күз» апталығы өтті

Дүйсенбі, 30 Қазан 2017 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 486 рет

«Шарбұлақ» жалпы орта мектебінде «Алтын күз» мерекесіне арналған апталық өтті. Апталық аясында «Күз мерекем, күз – берекем» атты жәрмеңке ұйымдастырылды. Бұл жәрмеңкені өткізуге мектепішілік өзін-өзі басқару ұйымы мен қыздар ұйымы, «Жас ұлан» қоғамдық ұйымы мұрындық болды. Жәрмеңкеде көкөніс өнімдері ұсынылды. «Аяулы күз – алтын күз» атты мерекелік шараны мектеп директоры Жанар Жансейітова ашып берді. «Алтын күз» атты ертеңгілік сайысқа 5-11 сынып оқушылары қатысты.

25


Сынып аралық сайыста балалар таныстыру, өнер байқауы, сән үлгісі, үй тапсырмасы (күзгі жемістерден салат әзірлеу) турлары бойынша өнер көрсетті. 5-6 сыныптар арасында бас жүлдені 6 «а», І орынды – 5 «в», ІІ орынды – 5 «а» , 5 «б», 6 «ә», ІІІ орынды – 6 «в» сынып оқушылары иеленді. Номинациялық жүлделер 5 «ә», 6 «б» – сынып оқушыларына бұйырды.
Ал, 7-8 сыныптар аралығында өткен байқауда бас жүлдені – 8 «ә» сыныбы, І орынды – 8 «а» , 8 «в», ІІ орынды – 8 «б», 7 «б» ІІІ орынды – 7 «ә», 7 «а» сыныптары иеленді.
Жоғарғы сынып оқушылары арасында өткен сайыста бас жүлдені – 11 «ә», І орынды – 11 «а», ІІ орынды – 10 «ә», ІІІ орынды – 9 «ә» сынып оқушылары иеленді.
Сайысты мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалыбек Құтымбет қорытындылады.
Оқушылардың өнеріне оң бағасын беруге Б.Тұрсынбаева, Г.Рүстемова, Б.Мамашева, М. Батырбеков сынды т. б. ұстаздарымыз қазылық жасады.
Күз мерекесінің барынша жақсы өтуіне атсалысқан мектебіміздің оқушыларына мақтау қағаздары табыс етілді.

Гүлімхан РҮСТЕМОВА,
«Шарбұлақ» жалпы
орта мектебінің
ұйымдастырушы педагогы,
Айнұр АСАНОВА,
тәлімгер.