Форумда дарынды оқушылар марапатталды

Жұма, 25 Мамыр 2018 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 943 рет

Үміт  окушылар

Қазығұрт ауданы орталық Мәдениет сарайында аудандық дарынды оқушылардың VIII «Үміт» форумы өтті. Ауданымыздың 2017-2018 оқу жылында республикалық олимпиадада, ғылыми жобада, «Абай оқулары», «Мағжан оқулары», «Махамбет оқулары» тәрізді байқауларда және спорт сайыстарында І, ІІ, ІІІ орын алып, жүлделі болған оқушылар аудан әкімінің «Алғыс» хатымен марапатталды. Салтанатты іс-шарада дарынды шәкірттерді аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаров, аудандық мәслихат хатшысы Өрісбай Көпеев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Әбілқасым Қожахан және аудандық білім бөлімінің басшысы Асан Үйсінбаев құттықтады және марапаттарды табыс етті.

Құралбек ЖОЛДАСҰЛЫ.