Күз ханшайымы–2018

Жұма, 23 Қараша 2018 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 69 рет

Байқау

02112

Жуырда «Қазығұрт» жалпы орта мектебінде бастауыш сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Күз ханшайымы–2018» байқауы өтті. Мақсаты – өсіп келе жатқан кішкентай балдырғандардың өнерін шыңдау, талантын ашу, күз туралы түсiнiктерiн молайту, жыл мезгiлдерiнiң ерекшелiктерiн байқату, табиғатты аялауға, қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу. Сайысқа 3-4 сынып оқушылары қатысты. Әр сыныптан топ жарып шыққан ханшайымдар бес бөлімнен тұратын сыннан өтті. Атап айтар болсақ, таныстыру, өз өнерін көрсету, ас мәзірі, сән үлгісі және сұрақ-жауап бөлімі.

Сынға түскен төрт үміткердің өнері, өзіндік жеке қабілеттері алғашқы екі бөлімнен байқалды. Одан кейінгі «ас мәзірі» бөлімінде барлық қатысушылар қазылар алқасын аспаздық өнерімін тамсандырса, «сән үлгісі» бөлімінде аруларымыз өз қиялдарынан күнделікті тұрмыстық бұйымдарды пайдалана отырып жасаған ғажайып көйлектерімен таң қалдырды. Көрермендер мен қазылар алқасын ерекше әсерге бөлеген қатысушылардың киім үлгілері жоғарғы бағаға ие болды. Ал, соңғы «сұрақ-жауап» турында ханшайымдарымыз білім көкжиегін, ой ұшқырлығын таныта білді.

Нағыз күз ханшайымын анықтаған байқау қорытындысы бойынша, бас жүлдені 3«ә» сынып оқушысы Жанина Арынтай алып, «Күз ханшайымы» атанды. Шұғыла Лесбай – І, Зере Өскенбай – ІІ, Шұғыла Жүсіп – ІІІ орын алды. Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Гүлсара СӘРСЕНБАЕВА,

“Қазығұрт” жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі.