ОБЛЫСТЫҚ ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

Дүйсенбі, 10 Желтоқсан 2018 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 968 рет

 

           

102222

Жуырда «Комсомол» жалпы орта білім беретін мектебінде «Өрлеу» біліктілік арттыру Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Қазығұрт аудандық білім бөлімі бірлесіп «Биология-химия сабақтарында моделдеу мен жоба жұмысын орындау арқылы оқушының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру» тақырыында облыстық пән мұғалімдерінің форумын өткізді.

Форум жұмысы 3 бағытта өтті: 1. Диалог алаңы: «Оқушыны ғылыми зерттеуге баулу» (Баяндамалар, ғылыми жобалар, ғылыми зерттеулер, т.б.). 2. Ашық сабақтар: «Сабақтағы зерттеу моделдері». 3. Көрме: «Мектеп зертханасынан ғылымға жол».

Форум барысында жаңартылған білім мазмұны жағдайында жаңа технологиялар зерттеушілік сабақ, «CLIL», «PISA», «STEM» білім беру әдістерін қолданып, 7-11 сынып оқушыларымен химия-биология пәндерінен ашық сабақтар өткізілді. Жетісай ауданы Ш.Уалиханов атындағы №2 мектеп мұғалімі Гүлсара Мұстафаева, Мақтаарал ауданы «Мырзакент» мектебінің мұғалімі Қ.Есенбекова, Қазығұрт ауданынан «Заңғар» жалпы орта мектебінің мұғалімі Эльдар Тойлыбаев, «Комсомол» жалпы білім беретін мектептің мұғалімдері Бибінұр Ахметова, Ұлжалғас Исаева, Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі Саят Тұрдахмет, А.С.Макаренко атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі Қалима Сманова, Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі Гүлжамал Қабаева сынды ұстаздардың ашық сабақтары жоғары бағаланып, «Алғыс хаттармен» марапатталды.

     Диалог алаңында оқушылардың ғылыми жұмыстары туралы баяндамалар оқылды. Мақтарал ауданы «Үлгілі» жалпы орта мектебінің мұғалімі Күнсұлу Биболова «Бал арасының емдік қасиеті», Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі Баян Тұтымова «Оқушылардың ғылыми шығармашылық зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру», Жетісай ауданы Н.Оңдасынов атындағы мектептің мұғалімі Мағира Мырзамұратова «Мақта зиянкестерімен күресу», Қазығұрт ауданынан «Комсомол» мекебінің мұғалімі Сандуғаш Әлімқұлова «Жүзім өнімдерінен пайдалы заттар алу», Гүлжазира Шымырбаева «Қоршаған ортаға полдиэтиленнің әсері», «Қазығұрт» жалпы орта мектебінің мұғалімі Ғалымжан Дәулетбаев «Ұлудың емдік қасиеті», «Елшібек батыр» мектеп-лицейі мұғалімі Таңшолпан Отарбаева «Өткізгіш ұлпа ксилеманың түтіктерін бояу арқылы анықтау», «Қаржан» жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Лаура Сапар, (жетекшісі Айнұр Жақанова) «Қаржан тауының табиғаты және табиғи байлықтары» атты баяндамалары құнды деп бағаланып, аудандық білім бөлімінің мадақтамаларына ие болды.

            «Мектеп зертханасынан ғылымға жол» тақырыбындағы көрмеге ауданның 17 мектебінен оқушылар өз қолдарымен жасаған ғылыми жұмыстарын көрсетті. Үздік деп табылған 7 мектептің оқушысына аудандық білім бөлімінің мадақтамалары табысталды.

    Қорытынды бөлімінде «Өрлеу» біліктілік арттыру Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушылары Ж.Райымқұлова мен Р.Жұманова жалпы форумның жұмысын жақсы деп бағалап, «Комсомол» жадпы білім беретін орта мектеп директоры Б.А.Тұрдалиеваны «Алғыс хатпен» марапаттады.

Пердебек САТЕЕВ,

«Комсомол» жалпы орта білім беретін мектебінің

директордың бейіндік істер жөніндегі орынбасары.