Мұғалім мәртебесі арта түспек

Дүйсенбі, 24 Желтоқсан 2018 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 116 рет

Жолдауға – қолдау!

 

Елбасының биылғы Жолдауы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталды.

«Мұғалім мәртебесін арттыру қажет», – деп ел құлағын елең еткізген Елбасының Жолдаудағы ерекше міндеттердің бірі осы. Кезінде Мағжан Жұмабаевтың өзі «Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын – мұғалімдікі», – деп, ұстаздарға деген ұлы құрметін білдірген еді. Біз бен сіз меңгерген білім нәрі де сол ұлағатты жанның арқасы. Мемлекет басшысы білім саласына қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді. Елімізде сан түрлі кәсіп иесін дайындап, жауапкершілігі мол, жүгі ауыр бір сырлы маман атанған қаншама мұғалім бар. Міне, сол қастерлі маман иесіне қазір құрметтің азайып кеткенін көз көріп жүр. Сондықтан да, бүгінгі қоғамда ұстаздардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту, мәртебесін көтеріп, мерейін асыру мәселесі өткір тұр. Мұғалімдерді көптеп оқыту бұл да өте өзекті мәселе болып отыр. Ендігі мұғалімдерге және оқушыларға берілетін жүктемелер азаяды. Бағдарлама жеңілдетіліп, білім алу оңтайлы болмақ. Ал, жоғары сыныптардың жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқуы жаһандық білімді жетік меңгеруге жол ашады. Мұғалім мәртебесін көтеру – олардың әлеуметтік жағдайына да тікелей байланысты дейтін болсақ, мұның да бір түйіні шешілгелі тұр. Айталық, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы бойынша білім беруге көшкен мұғалімдердің айлық жалақысы 30-50 пайызға дейін өсетіні осы сөзімнің дәлелі. Тағы бір қуантарлық жайт, жас ғалымдарға қолдау күшейеді. Ғылыми гранттар аясында бөлінетін квота саны артады. Елбасы жоғарыдағы міндеттерден өзге барлық жастағы адамдардың біліммен қамтылуын, балабақшаға арналған бірыңғай бағдарламаның әзірленуін және технологиялардың жаңаруын қатаң тапсырды. Егер бұл міндеттер кезең-кезеңімен бұлжытпай орындалатын болса, білім саласы бойынша әлемдік рейтингтің көшіне ілігуіміз әбден мүмкін. Ал, білімнің белесі биік болса, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы да жақсара түспек.

Сонымен қатар, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ішкі туризмді дамыту өзекті мәселе болып отыр. Ішкі туризмді дамыту мен жаңғырту аясында еліміздің өскелең жас ұрпағы мемлекетіміздің болашақ ұрпақтарымызға киелі де көрікті аймақтарымыздың тарихымен таныстыру болып табылады.

Өз өлкеміздің құндылықтарын таныстыра отырып, әрбір қазақ елінің азаматы жас ұрпағымызды отансүйгіштікке, елін жерін қорғап дамытуға зор үлес қосатын ұрпақ тәрбиесіне бағыттаймыз.

Нұрболат ОҢҒАРОВ,

Қазығұрт аудандық «жас туристер станциясы» қызметкері.