Менің университетім – менің мақтанышым

Жұма, 08 Ақпан 2019 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 40 рет

Білім

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Times Higher Education» (THE) беделді әлемдік рейтінгісінде дамушы елдердің 201-250 үздік жоғары оқу орындарының тобына енді

   Нартықтық экономикасы дамып келе жатқан елдер университеттерінің 2019-жылғы рейтінгісін құру барысында келесі көрсеткіштер ескерілді: университеттердің ғылыми-білім беру қызметінің тиімділігі; оқытушылар құрамының және жүргізілетін зерттеулердің деңгейі; ғылыми мақалаларды жариялау және дәйексөз келтіру; халықаралық ынтымақтастық және басқалар.

THE рейтінгісінде әлемнің 43 елінен 442 университет ұсынылған.

   Сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстан ЖОО Басты рейтінгісі бойынша көшбасшы, мемлекетіміздің тарихында бірінші болып Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының «Қызметтер мен өнім сапасы саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының дипломанты атанды. Біздің университетіміз Халықаралық университеттер Ассоциациясының мүшесі және Еуразиялық университеттер Ассоциациясының ұйымдастырушысы. Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстан ЖОО-лары арасындағы тұңғыш болып Болон қаласында университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды, ИСО 9000:2000 халықаралық стандарттар талабы негізінде сапа мененжмент жүйесіне сай (СМЖ) халықаралық сертификаттару жемісті өтті және IQNET Халықаралық сертификаттау жүйесі сынды ең ірі әлемдік сертификаттау орталығының куәлігін иеленді.

   Бүгінгі таңда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алуан түрлі мамандықтарды ұсынатын білім және ғылым ордасы. Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады: 2000-нан астам профессор, доктор, ғылым кандидаты мен философия докторлары, 100-ден астам академиялардың академиктері, 30-ға жуық Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткерлері, 30-астам Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атаулы сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ, 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары мен 45 мемлекеттік ғылыми степендиялардың степендианттары еңбек етеді.

Университетте кәсіби білім беру көп сатылы жүйесі бойынша 25 мыңнан астам білімгер мен магистрант білім алуда. Біз, тәжірибе жүргізу мен білімгерлер мен алмасуда және заманауи халықаралық білім бағдарламаларын жүзеге асыруда әлемнің ең ірі 418 халықаралық жоғарғы оқу орнымен ынтымақтастық орнатты.

Қазақстанның болашағын дайындап жатқан білім және ғылым ордасы, себебі, түлектерінің көпшілігі Қазақстан қоғамының элитасын құрайды және еліміздің даму бағытының қалыптасуына атсалысайық.

Р.ЕРЕЖЕПҚЫЗЫ,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университеті заң факультетінің аға оқытушысы.