Ашық сабақ Әр отбасына татулық тілеймін!

Жұма, 22 Ақпан 2019 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 74 рет

 

«Жас қазақстандық азамат дегеніміз – бұл тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс».

Н. Ә. Назарбаев.

  

555552

Ия, Елбасы айтқандай, біз – осы болашақ жас қазақстандақтардың қалыптасуына зор үлес қосушы мұғалімдерміз. Патриотшыл, тәрбиелі, саналы да білімді шәкірт даярлау әр ұстаздың міндеті деп санаймын. Осы айтылған қасиеттерді дарытуда өзін-өзі тану пәнінің орны ерекше деп айтар едім. Қазіргі қоғамда болып жатқан сан-қилы оқиғалар оқушы санасына әсерін тигізбей қоймайды. Ғаламтор бетіндегі қатыгездіктер мен пайдасыз ойындар сананы улап, адам бойындағы мейірімділік, сүйіспеншілік құндылықтарын бүркемелеуде. Десе де, отбасындағы ата-ананың тәрбиесі мен махаббаты баланы қандай шырмаудан болсын алып шығады. Отбасы сүйетін перзент – ол ертеңгі Отанын сүйетін азамат!

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінде мен отбасындағы құндылықтарды оқушы бойына сіңіру мақсатында өзін-өзі тану пәнінен 5 «Б» сыныбына «Отбасы татулығы» атты ашық сабақ өттім. Сабақ барысында оқушылар сүйіспеншілік туралы мәтін оқып, отбасы туралы мақалдар айтып жарысты. Құндылыққа толы бейнеролик көріп, одан түйген ойларын ортаға салды. Тақырыпқа байланысты топпен жұмыс жасап, постермен құндылықтарды қорғап шықты. Өзбек сыныбы болса да тілдері қазақшаға жатық, ойларын еркін жеткізе біледі. Отбасы мүшелерінің бойындағы асыл қасиеттер отбасы татуылығының кепілі екендігін олар пайымдай білді. Сабақ соңында оқушылар Ә. Әлқожаның орындауындағы «Ана-Әке» әнін нақышына келтіре орындады. «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Анаға – құрмет, әкеге – қызмет» деген дәйексөзді қазақ, өзбек, орыс, ағылшын тілінде айттық.

   Бұл іс-шараның түпкі мұраты – Қазақстандағы бақытты, тату отбасыларының қатарын көбейту. Шәкірттерім осы сабақтан рухани байлық алды, зейіндік дағдыларын жетілдірді, бойларына ізгілік сезімдерін дарытты деген сенімдемін.

Динара ҚАМБАРОВА,

«Жаңатірлік» жалпы орта мектебінің

өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі.