Тәрбие бесігі – отбасынан басталады

Дүйсенбі, 11 Наурыз 2019 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 266 рет

Сайыс

                                                                                                            «Туған шаңырақтан алған тәрбие – бұл барша халқымыздың бақуатты да, табысты

болашағының кепілі»

Н.Ә.Назарбаев

Отбасы – мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет – есіктен, ақыл – бесіктен кіреді», демекші білім бесігі –мектептен, тәрбие бесігі – отбасынан бастау алады. Мектебімізде осындай өнегелі отбасыларды насихаттайтын түрлі отбасылық сайыстар әрбір оқу жылында ұйымдастырылып отырады. Педагог-пихолог Ахмедов Бекболдың ұйытқы болуымен ата-аналар арасында «Бақытты отбасы» сайысы өтті. Бес ата-ана ұл-қыздарымен қатыстып, 5 шарт бойынша бақтарын сынады. Әрбір ата-ана өздерінің қандай отбасы екенін таныстырып, өнерлерін ән-би арқылы ортаға салып, түрлі жағдаяттық сұрақтарға жауап берді, соңында отбасы құндылықтарын дәріптейтін сахналық көрініс қойды.

Нәтижесінде жас Әділовтар отбасы бас жүлдеге ие болды. Камаловтар отбасы – І, Жарқымбай отбасы – ІІ, Тулаевтар отбасы ІІІ орынды иеленді. Сайысқа қатысушы топтарға ата-аналар комитеті мен тәрбие орынбасары, әлеуметтік және қосымша білім беру педагогтары жеңімпаз отбасыларға құрмет грамотасы мен сыйлық тапсырып, жақсы тілектер айтты. Баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Біздің «Заңғар» елдімекенінде өнегелі, үлгілі, өнерпаз отбасылары бар екеніне көзіміз жетіп отыр. Бала тәрбиесі баршамызға ортақ, өміріміздегі ең маңызды іс болғандықтан бірлесе жас өскінді жауапкершілікпен тәрбиелейік құрметті,ата-аналар!                                                    

Бекболат АХМЕДОВ, 

  «Заңғар» жалпы орта мектебінің   

педагог-психологы.