Ана туралы толғау

Дүйсенбі, 11 Наурыз 2019 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 444 рет

                                                         Оқушы дәптерінен

                                                  

     Әлемдегі ең сұлу және ең керемет атау – Ана! Ана – қасиетті де, киелі есім! Ана жайлы ойымды айтып тауыса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махабатты шексіз.

     Ана – бізді тоғыз ай, тоғыз күн құрсақта көтеріп, толғатып, бізді жарық дүниеге алып келген адам. Ол сені тәрбиелейді, ақ сүтімен асырайды, өсіреді. Ана саған киінуді, тамақ жеуді, жазуды, жүруді, жүгіруді үйретеді. Сен анаңның арқасында адам боласың! Қазіргі ұстаз, ақын, жазушы, ғалым да, даналар да, бәрі анадан шығады. «Алып-анадан туады» деген мақалдың да мәні осында. Ана болмаса ешкім жоқ! Ананы қадірлеу, құрметтеу, айтқанын тыңдау керек. Анасыз мына дүние де, әлем де жоқ.

     Қартайғанда кейбіреулер оны қарттар үйіне апарады, кейбіреулер көңіл бөлмейді. Сонда сен оған қарамасаң, ол сені неге дүниеге әкелді? Неге өсірді? Неге ақ сүт берді? Неге, неге? Ананың қадірін білсең, болашақ балаларың да, сенің қадіріңді біледі.

     Сол себепті ананың қадірін білейік! Ана – біздің өміріміздің гүлі мен нұры. Сол үшін мен анама жүрегіммен жыр жаздым.

Ардақты анам

Махабатым, шапағатым, құшағым,

Бір өзіңді мен-ақ көріп қуандым!

Данамсың сен, дарамсың сен анашым!

Құдай берген нұрым менен гүлімсің!

Тоғыз ай арқаладың құрсағыңда,

Аямадың ақ сүтпен нәрінді сен!

Өмірдің бар бақытын тілеп саған

Жүреміз бақытты бол анашым деп!

Сен қуансаң мен қуандым гүлім деп,

Қуанамын құдай бақты берді деп!

Таба алмадым бұл әлемнен-

Таппаймын да сендей жанды, берді деп!

Өсірдің, арқаладың, ақ сүтіңмен,

Қандай бақыт көрмедік бір көзіңнен!

Сен күнімсің жадыраған нұр төккен,

Сен жұлдызсың жалтыраған,жұрқ еткен,

Сен бақытсың жалындаған, шарықтаған,

Сен аққусың айдынында нұр төккен!

Күндей жайна гүлдей жайна нұр болып,

Жарқырайсың жұлдызбенен күн болып!

Аспандағы ақ сұлуым айымсың,

Майысқан бір сұлусың сен қайыңсың!

Аспандағы жарықтаған жұлдызсың-

Бір бақытты құдай саған бұйырсын!

Мен өзіңмен бірге жүрем әрдайым,

Махаббаттың құшағында күн сайын

Шапағатым, шуақ шашқан өзіңсің

Гүлімсің, шашылатын шуағым!

Мөлдіреген, көгілдір өзенімсің!

Нұр төгіп келе жатқан көктемімсің,

Алғаш шыққан гүлімсің бәйшешегім!

Қарлығашым, аяулы құсымсың!

Жалғыз сенсің алтын құрсақ шуағым,

Махабатым, шапағатым, шаттығым!

Ардақтымсың, аяулымсың, қымбаттым,

Бәрінен де бақыттысың, анашым!

Ақерке Даулетова,

«Диқан» жалпы орта мектебінің

5-сынып оқушысы: