Білімді оқырман – болашағымыз

Дүйсенбі, 11 Наурыз 2019 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 520 рет

Оқырмандар сайысы

 

     Жуырда «Қақпақ» жалпы орта мектебінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап өтер болсақ, 1-11 сынып арасында «Лидер Reader – ON», бастауыш сынып мұғалімдері Ү.Досыбай, Э.Исабекова, А.Сұлтанбаева кітапханашы Г.Қоңыратбаева ертеңгіліктер өткізді.

«Лидер Reader – ON», «Менің сүйікті жазушым» атты шарада оқырмандар сүйікті жазушысының шығармасынан үзінді оқып, көрініс көрсетті, әртүрлі сала бойынша креативті ойлау жүйесі дамитыны, вербальды қабілеттер артатыны туралы қысқаша мәлімет берілді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдыхалық Қуанышов бүгінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білім деңгейіне байланысты екендігін айтып, осы іс-шаралардың маңыздылығына тоқталып өтті. Кітап адамды жан-жақты дамытады, ой өрісін кеңейтеді» дегенді дәйектеп, барша жастарды кітап оқуға шақырды. Сайыста мектебіміздің ең-ең білімді оқушылары   «Тапқыр болсаң – тауып көр», «Кітап қасиеті – мәңгілік», «Күш – білімде, білім – кітапта», «Білімді оқырман – болашағымыз» кезеңдерінде бақтарын сынады.

   Сайыс барысында оқушылардың   үлкен дайындықпен келгендігі айқын аңғарылды. Мұндай оқырмандар арасындағы байқаулар әлі де жалғасын таба бермек. Оқушылардың 15 минуттық ұзақ қоңырауында кітапханаға келіп, кітап оқуларына жағдай жасалған.

Г.Қоңыратбаева,

«Қақпақ» жалпы орта

                мектебінің кітапханашысы.

Тағыда осы категорияда: « Ана туралы толғау Көктем »