Көктем

Сәрсенбі, 20 Наурыз 2019 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 102 рет

 

Келді көктем құлпырып,

Бүршік жарды алма ағаш.

Еңбекке дихан ұмтылып,

Тіршілік құрды қарбалас.

Көктемнің күні шуақты,

Айнала көкке оранды.

Жылғалардан су ақты,

Жоғалды қыстың бораны.

Қойнаудан шыққан бұлақтың,

Маржандай суы шашырап.

Тамшысынан төгілген,

Ажарланды атырап.

Тырналар ұшты тізіліп,

Балалар асыр салады.

Көктемгі жаңа тіршілік,

Құлпыртты сайын даланы.

Көрінісіндей көлдердің,

Көгертер нөсер қияқты.

Көк майсадағы төлдердің,

Қуаныш сыры сияқты.

Жеті қырлы шапағат,

Тарихындай өткеннің.

Далаға ұлық махаббат,

Келбетіндей көктемнің.

Ұлылық дәстүр салтыма,

Құлпырған көктем келісті.

Доңыз жылы халқыма,

Әкелсін бақыт, жеңісті!

Ө.ШАЛҒЫНБАЕВ.

Тағыда осы категорияда: « Білімді оқырман – болашағымыз